САУРАН – ЫНТАМАҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ
Бейбітшіліктің негізі, түп-тамыры – xалықтың бірлігінде, біртұтастығында. Елімізде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері болса, Сауран ауданында 10-нан астам түрлі этнос өкілдері ынтымақта өмір сүруде. Ауданымызда мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, ауызбіршілігі мен бірлігін нығайту мақсатында түрлі бағытта жұмыстар атқарылуда.
Атап өтетін болсақ, ұлтаралық татулықты ұлықтау мақсатында қазақ-өзбек ұлттары мен асбаптарынан құралған «Достық» ансамбльін қайта құрып, жарты ғасырдан астам тарихы бар «Дильшод» ансамбльі қайта жаңғырды. 50 жылдық тарихы бар «Қарашық» театрын қайта жарыққа шығару мақсатында сахналық киімдермен қамтамасыз етілді.
Сахна саңлақтарынан құрылған «Дилшод» өзбек халықтық – фольклорлық ән-би ансамблі, Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Достық» ансамбль және Мәдениет үйіне қарасты аудандық өнерпаздардан құрылған фольклорлық ансамбль мен Қарашық ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған Халықтық атағы бар «Өзбек халық» театрының бірлескен өнер майталмандарының алғашы мерекелік кешін ұйымдастырдық.
Жаңа Иқан ауылдық округінде өткен шара “Сауран – ынтымақ пен татулықтың мекені” деп аталады. Онда этномәдени бірлестіктердің өкілдері халық шығармашылығы, кітаптар, музыкалық аспаптар қойылды. Іс-шара барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құттықтау сөз сөйлеп, одан әрі достықты, бірлікті нығайту ісіне елеулі үлес қосқан этномәдени бірлестіктердің басшыларын марапаттады.
Алдағы уақытта қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында этномәдени бірлестіктердің жұмыстары насихатталады. Онда аудан көлеміндегі 12 ауылдық округтерде осы бағыттағы сахналық қойылымдар мен, өнерпаздардың арнайы концерттік бағдарламалары халық назарына ұсынылатын болады.