САУРАН: ҚАРАШЫҚТА 7 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

0
114

Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізуде. Ол жұма күні Қарашық және Жүйнек ауылдық округінде кездесу өткізді.

Кездесуде Ғани Рысбеков Қарашық ауылдық округінде жеке қаражат есебінен 2021 жылы жалпы 890,0 млн. теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарланып, 2021 жылы спорт мектебі мен бастауыш мектеп-балабақша кешені сияқты 2 нысанның құрылыс жұмыстарымен қатар құжаттандыру жұмыстары толық аяқталып, өз жұмысын бастағанын айтты. Нәтижесінде ауданға 640,0 млн.теңге инвестиция тартылды. Оның айтуынша, 2022 жылы жоба құны 370,0 млн.теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаның құрылысы жүруде.

Қарашық ауылдық округінің тұрғындары кездесуде жол мәселесін көтерді. Аудан әкімі Қарашық ауылынан өтетін облыстық маңызы бар «Түркістан-Қарашық-Қарнақ» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Құмтүйін елді мекенінің тұрғындары ауыз су мәселесін көтеріп, халықты сапалы ауыз сумен қашан қамтамасыз ететінін сұрады.

«Қарашық ауылдық округіне қарасты Құмтиін елді мекенінен ауыз су ұңғымасын қазуға Кентау қаласы әкімдігі тарапынан 42,0 млн.теңге қаржы қаралып, 370 метр қазылды. Сонымен қатар, «Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілетін болады. Жер асты су қоры анықталған соң, ұңғыманы тиісті тереңдікке дейін қазу жұмыстары басталады», — деді аудан әкімі Ғ.Рысбеков.

Сонымен қатар, Қарашық және Құмтүйін елді мекендерін сапалы электр жүйелерімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы саласына тоқталған аудан әкімінің баяндауынша, Қарашық ауылдық округі 2021 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар соммасы 197,26 млн.теңгені құраған. Бұдан бөлек, Қарашық ауылдық округінде ағымдағы жылы жалпы құны 300 млн.тг құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Кездесуде Ғани Рысбеков қарашықтық шаруаларды жаңа әдістерді пайдалануға шақырды. Қарашықтық диқандар қауымы мен мал өсірушілер жайылымдық және суармалы жерлердің күн санап тарылып бара жатқандығына шағымданды. Ауыл маңындағы қазылған карьерлердің қайтарыла бастағандығын бірақ оны иемденген кәсіпкерлердің тарапынан жерді көміп, қалпына келтіру жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқандығына тоқталды.

«Қарашық ауылдық округі облыс орталығына жақын орналасқандықтан болашақта егістік жерлер тарылады. Сол себептен заманауи үлгідегі жаңбырлатып суару, тамшылатып суару сияқты жаңа әдістерді қолға алғандарыңыз тиімді болмақ. Ауыл шаруашылығы саласы ауданымыздағы ең маңызды сала болғандықтан, біз шаруаларға барынша жағдай жасаймыз. Мемлекет тарапынан да субсидияларды шаруаларға қол жетімді ету әрекеттері жасалып жатыр. Мал шаруашылығына тоқталатын болсақ, ауыл айналасындағы жайылым жерлерді ортақ жайылымға қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтқым келеді. «Жер халықтікі». Халық өкілі Қауымдастық болғандықтан осы ұйым арқылы барлық даулы мәселелерді ынтымақтастықпен, тыныштықпен шешуге болады, — деді аудан әкімі.

Ауыл тұрғындары мен ақсақалдары аудан әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Өз кезегінде Ғани Құрмашұлы да ауыл тұрғындарын өздерін толғандырған сұрақтары бойынша кез-келген уақытта қабылдауға әзір екендігін жеткізді.

Leave a reply