САУРАН: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ САҚТАУДА САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

0
118


Ұлттық бірегейлікті сақтап, мәдениетті дамытуда салт-дәстүрдің маңызы зор. Рухани құндылығымызға айналған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуы, ұлт дамуының негізі екенін айтады.Түрлі мәдениет тоғысқан жаһандану кезеңінде ұлттық рух пен қасиетті сақтайтын салт-дәстүр мен әдет-ғұрып басты қызмет атқарады. Осы орайда Сауран ауданының тұрғындарының назарына маңызды мағлұматтарды ұсынып отырмыз.
Әр ұлттың өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтары сақталған. Ал қазақ халқы салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа бай халық. Әр заманның өзіне тән салты мен дәстүрі қалыптасқан. Біз ата-бабаның домбырасының үнімен, әсем әуендерімен, жыр дастандарымен жеткізген рухани мұраға бай халықпыз.
Қазақ халқының әрбір салты мен дәстүрінің тәрбиелік мәні тереңде. Ұрпаққа адамгершілікті дәріптеу, ақыл мен білімге шақыру үлкенді сыйлау сияқты насихатымен құнды. Нәресте болып өмірге келгеннен бастап қарттық шағына дейінгі аралықта орындалатын салт – жоралары жеткілікті. Мұның бәрі адам өміріне бей – жай қарамағандығыныңкөрінісі.
В.И.Белинскиий «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып,ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып,рудан-руға, ұрпақтан- ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет-әлпетсіз бейне, болымсыз тас-мүсін тәрізді» деп салт-дәстүрдің ғұмырлы екенін көрсетеді.
Қазақта ең жақсы сақталып қанға сіңді қасиетке айналған дәстүрдің бірі – жеті атаны білу. Оның ішінде, жеті атаға жетпей қыз алыспау. Қазақ «жеті атасын білмеген жетесіз» деп бұл дәстүрдің маңыздылығын айшықтап берген. Жеті атаға толмай қыз алыспау ертеден келе жатқан құқықтықереже. Бұл дәстүр – ұрпақ саулығын, қан тазалығын, тектілікті сақтаудың ең ұлы жолы. Келер ұрпақтың қан тазалығы мен денінің саулығын сақтау мақсатында жеті атаға дейін қан араластырмау заңы – ата бабамыз қалыптастырған институты болды. Тәуке ханның жеті жарғысында некелік қатынастар туралы бабында шарт етілген. Бұл дәстүр физиологиялық және психологиялық ауру тудыратын ген бұзылуының алдын алуы болып табылды.
Заманның ағымына қарай дәстүрдің озығының қолданыста қалып, тозығы жеткеннің ұмытылары даусыз. Соның айқын көрінісі ретінде бүгінде кей саот-дәстүрлер ұмыт болып, немесе өзгеріске ұшырағандары жетерлік. Алайда қазақ ұлтының өміршеңдігін көрсететін мына салт-дәстүрлер кәу бола алады. Себебі, төменде аталған жөн-жоралғылар ата-бабадан бүгінгі ұрпаққа аманат болып жеткендегінің бір дәлелі.
Сүйек жаңғырту(салт)
Қазақтың некеге қатысты тағы бір жақсы салты сүйек жаңғыртып құда болу. Мұнда құдандалы болған әулет ұзақ уақыт өткен соң, туыстық байланысты үзбеу мақстында бір біріне қыз беріп келін алысатын болған.Құдалық қатысы бар қыздар мен жігіттерді үйлендіріп отырған. Бұл дәстүрді сүйек жаңғырту деп атаған. Біз бұдан «құда мың жылдық» деп туыстықты ары қарай жалғағандығын көреміз.
Асату
Ақсақалдар табақта қалған бешпармақты өз қолдарымен алып, балаларға беретін. Балалар қонақ шақырған үйдің жанында жүріп, ішіне шақырғанын күтетін.
Бұл салт жайында жазушы Сәбит Мұқановтыңшығармаларынан көп байқаймыз.
Біз шаншар (салт)
Еліміздің шығыс, оңтүстік аймақтарында «жаушы» орынына осы «біз шаншар» салты қолданылады. Бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам бұлай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен анасы қонақтар отырған жерді қарап, одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар» құда болайық дегенді білдіреді.
Қыз қашар (дәстүр)
Күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатысатын болған. Күйеуден «қол ұстаттар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар» сияқты сыйлықтар беріледі. Бұл тойда қыз бен жігіттің тілдесуімен қатар қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні-қарындастарына да түрлі сыйлықтар берген.
Өңір салу
(кей жерлерде «үй көрсету» немесе «есік ашар» дейді)
Мұнда тек әйелдер жиналады. Ниеттері келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір киім, бұйым дептерме бау немесе бүркіт тұяғы, үкі сияқты заттар іледі.
Ұлт тәрбиесінде ұлтжанды, иманды,саналы ұрпақ өсіру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор. Тарихын, салт дәстүрін, ұлттық құндылықтарын біліп, бойына сіңіріп өскен бала ғана шынайы патриотизм үлгісін көрсете алады. Ұлтымыздың тарих сахнасынан мәңгі жоғалмауы үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дәріптей білуіміз қажет. Өйткені тарихымыз, тіліміз,дініміз түп-тамырымыз жатыр.
Шәрібай ТОБЖАНОВ

Leave a reply