СЕКТОРДА КӨТЕРІЛГЕН БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БАҚЫЛАУДА

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен бүгінгі аппараттық мәжілісте секторларда өткен кездесу қорытындысымен берілген тапсырмалар талданып, орындалу мерзімі белгіленді.
Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне берілген 57 тапсырманың 28-і ай соңына дейін орындалуы тиіс. Мамандар тарапынан тұрғындармен түсіндіру жұмысын жүргізу нәтижесінде 1 тапсырма бақылаудан алынып, өзге тапсырмалар келесі жылдың жоспарына енгізілді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүктелген 32 тап-сырманың 15-ін қараша айының со-ңына дейін орындау тапсырылып, 17-сі келесі жылға жоспарланды.
Жаңа қала аумағындағы 11-ші көшеде орналасқан көп қабатты тұрғын үй иелері көтерген 13 мәселенің қазіргі таңда 10-ы қалпына келтіріліп, бақылаудан алынды. Қала әкімі жауапты-ларға 10-қарашаға дейін жұмысты толық аяқтап, баяндауды ескертті.
Сондай-ақ, мәжіліс барысында секторлардағы жеке қабылдау қорытындысымен берілген 40 тапсырманың 11-і орындалып, 29 тапсырманың атқарылу сатысы баяндалды.
— Кездесу барысында кей тұрғындар жыл басында айтылған өтініштерінің аяқсыз қалға-нына шағымданды. Бұл сіздердің кері байланыс жасауда жіберген кемшіліктеріңіз. Бітпей тұр-ған шаруа жоқ, кезегін күткен мәселелер бар. Елден кемшілік іздемеңіздер, өз қателік-теріңізді түзеңіздер. Халыққа алғыстан бас-қа айтарым жоқ, сабыр да сақтап, түсіністік те танытып келеді. Тұрғындарға өтініштері бойынша талдап, орындалу сатысы мен мерзімін жасырмай нақты айтсаңыздар, мұндай түсініспеушіліктер болмайды, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.
2021 ЖЫЛЫ
Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылуы 28,8 пайызды құрап, қосылу көрсеткіші 9 860 абонент болған.
2023 ЖЫЛЫ
Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе 13 601 абонент қамтылды.
+3741 АБОНЕНТ
2021 ЖЫЛЫ
Қалада дербес шот ашып, газ пайдаланып отырғаны – 22 447 абонент.
2023 ЖЫЛЫ
Көгілдір отынды 38 032 абонент немесе қала тұрғындарының 98,0 % дербес шот ашып пайдалануда.
+15 585 АБОНЕНТ
2021 ЖЫЛЫ
Көше саны — 875
Жалпы шақырымы — 845
Асфальт жол — 301 шқ
Тас жол — 296,9 шқ
Топырақ жол — 361,7 шқ
2023 ЖЫЛЫ
Көше саны — 875
Жалпы шақырымы — 845
Асфальт жол — 399,2 шқ (+ 98,2 шқ)
Тас жол — 445,8 шқ (+ 148,9 шқ) ф
9 бағдаршам орнатылып, бағдаршамдар саны 79 -ға жетті
* * *
210 аялдама орнатылып, қала аумағындағы аялдамалар саны 274-ке жетті
* * *
жаңадан сыйымдылығы жоғары 118 автобус алынып, сыйымдылығы жоғары автобустар саны 164-ке жетті
* * *
Балалар алаңшасы 70-ке жетті