
«Бағдарлама мақсаты — Солтүстік және Шығыс өңірлердегі кадр тапшылығын, жастар үлесінің аздығын оңтайландыру. Осы орайда, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 2014 жылдан бері бағдарлама аясында студенттерге білім беріп, мамандар даярлап келеді. Бағдарлама — университет және облыстағы жауапты мекемелер арқылы білім алушыға тегін оқу, жатақхана, стипендия, жол ақысы және жұмыс орнын дайындап береді. Диплом алғаннан кейін 2 жыл жұмыс өтілін атқаруға міндеттеледі. Мысалы, мемлекеттік гранттың жұмыс өтілінің мерзімі 3 жыл болса, «Серпін» бағдарламасы бойынша 2 жыл. Оңтүстікке қарасты қай өңірдің адамдарын алсақ та барлық жағдайда белсенді. Әзірге «Серпін» бойынша білім алушылардың жоғары көрсеткіші Түркістан облысына тиесілі»,- деді М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Насихат Смайл.