Синоптиктер 5-7 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктер 5-7 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.
Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, салқын ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Елдің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысындағы кейбір жерге қатты жаңбыр жауады. 5 қыркүйекте Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен ылғалды қар түрінде қатты жауын-шашын болады.
“Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта 2-10°C күтіледі. Күндіз 10-20°C шамасында ауа температурасы көтеріледі”, – делінген хабарламада.