СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ТАЗАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚАРҚЫНЫ АРТУДА

Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» Республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығында аудан аумағында санитарлық тазалық пен көркейту-көгалдандыру жұмыстарының қарқыны артуда.
Акция аясында барлық ауылдар мен елді мекендерде гүл мен тал көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, тұрғын үйлердің ауласындағы қоршауларды ретке келтіріп, талдардың түптері әктеліп, жол белгілері мен көше бойында орнатылған электр бағаналарын сырлау сынды жұмыстар жүргізілуде.