СОЗАҚТА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ
Шолаққорған ауылында 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтті. Спорттың бес түрінен ұйымдастырылған шараны аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ашып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
«Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік қызметте халықтың сенімін ақтап, ел абыройын асқақтату – мәртебелі міндет. Бүгінгі шараның мақсаты салауатты өмір салтын ұстап қана қоймай, бұқаралық спортты дамытуда алар орны ерекше. Баршаңызға әріптестік қарым-қатынасты арттырып, Жаңа Қазақстанды дамыту жолында аянбай еңбек етуге тілектеспін. Аудан эканомикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын. Алдағы күндеріміздің бәрі жарық, жақсылық болғай,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов мемлекеттік қызметшілерді айтулы мерекелерімен құттықтап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спорттық шарада Созақ ауданы әкімі аппараты, аудан әкімдігінің 8 дербес бөлімі, 12 ауыл, кент округ әкімдіктерінен құралған мемқызметшілер қол күрес, арқан тартыс, жүзу, үстел теннисі, бильярд сынды спорт түрлерінен бақ сынасты.
Шара соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Бакиров Абдуахат жарыс жеңімпаздарын құттықтап, жүлделі орыннан көрінген қызметшілерді арнайы диплом, медаль және кубоктармен марапаттады.
infonews-ақпарат