СОЗАҚТА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
![](https://infonews.kz/wp-content/uploads/2025/02/476805022_2177486299356011_624370295109425448_n-905x613.jpg)
Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі алғашқы мәселе су тасқыны мен табиғи апаттардың алдын алу шаралары бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаевтың баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының жұмыс барысы жөнінде аудан әкімі аппаратының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ербол Аманов хабарлама жасады.
Аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала мамандары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Өздеріне жүктелген міндеттерге немқұрайлық танытқан бірқатар әкімдердің мәселесі қаралып, қызметі сынға алынды. Сонымен қатар, күре жолдар мен елді мекендер ішіндегі көмілген арықтар мен су өткізгіш құбырларды тазарту және су бөгеттерін тексеру қажеттігі ескертілді. Жүктелген тапсырмалардың орындалу мерзімі нақтыланып, хаттамалық тапсырмалар енгізілді.