СОЗАҚТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА 1 000 АДАМ АТСАЛЫСЫП, 240 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүруде.
Аудандағы 12 ауыл-кент округтен тазалық жұмыстарына 1000-ға тарта тұрғын жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері белгіленген аумақтардан 235 тонна қоқыс шығарды. Сондай-ақ, 3 000 ағаш түптерін әктеу, көгалдандыру жұмыстары жүрді. «Таза Қазақстан» экоакциясы басталғалы ауданда 22 500 тал егілген.