СОЗАҚТА ТУРИЗМ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

0
131

Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен, кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында “Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқарма тарапынан, туризм саласына мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары бойынша бизнес өкілдеріне жергілікті орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы” тақырыбында дөңгелек үстел басында жиын өтті.

Жиынға Түркістан облысы туризм басқармасының туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімінің басшысы Асанхан Дархан Убайдуллаұлы,

аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Сұлтанғазиев Қанат Құтжанұлы мен мамандары, Кәсіпкерлер палатасының Созақ аудандық филиалының өкілдері, ауыл округ, кент әкімдігінің мамандары мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Облыстан келген сала маманы жалпы туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шараларын түсіндіріп, мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар туралы ақпарат берді.

Жергілікті кәсіпкерлер тарапынан туризм саласы бойынша сұрақтар қойылып, сала мамандарынан тұщымды жауап алды.

Аудандағы туризм саласындағы қызықтырған басқа да сұрақтар болса, аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі мен Кәсіпкерлер палатасының Созақ аудандық филиалы арқылы ақпарат алуға болады.

 

 

Leave a reply