СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы жалғасын табуда. Бүгінде Созақ ауданы аумағында санитарлық тазалық пен көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.
Акция аясында барлық ауылдар мен елді мекендерде гүл мен тал көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, тұрғын үйлердің ауласындағы қоршауларды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, талдардың түптері әктеліп, жол белгілері мен көше бойында орнатылған электр бағаналарын сырлау сынды жұмыстар атқарылып жатыр.