Созақ ауданы әкімі шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті

0
106

 

 

Созақ ауданы әкімі Мұхит Тұрысбеков, егіс даласында Құмкент, Жартытөбе, Созақ, Шолаққорған ауыл округі шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті. Жон бойындағы «Бабата-1» ЖШС егістігінде өткен кездесу барысында мал азығының бағасы, жерді тиімді пайдалану жайы сөз болды.

«Бабата-1» ЖШС төрайымы Сәуле Қалдыбекова бүгінде мал азығы жоңыршқа ору науқанын бастады. Нарықтағы бағасыда қол жетімді. Жоңыршқадан бөлек, өз иегілігіндегі жерге, арпа, бидай егіп, оны тиімді бағада сатуды жоспарлап отыр.

Кездесу барысында шаруалар аудан басшысына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Мәселен, игерілмей жатқан жерді мемлекетке қайтарып, тиісті азаматтарға беру жайын көтерді. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыс жүргізілетінін ескерткен аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы, егістік алқаптарын агротехникалық талаптарға сай күтіп-баптау қажеттігіне тоқталды.

Сондай-ақ «Пернебай ата» шаруа қожалығының жұмыс барысымен танысты. Шаруа қожалық төрағасы Ержан Мақұлбеков, алдағы жоба жоспарларымен бөлісті.

 

Leave a reply