Вторник, 17 сентября

СОЗАҚ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН САЛЫНЫП ЖАТҚАН 200 ОРЫНДЫҚ «СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ» КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0
38

Соқақта аудан орталығынан салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешені құрылысы барысы бақылауда. Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдері және жауапты сала мамандарымен кездесіп, жүмыс барысын бақылады. Жалпы Созақ ауданында биыл бірқатар нысандар бой көтеріп, құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Аудан басшысы жұмысшы қол күшін әлі де көбейту керекігін айтып, жұмысты барынша ширатуды тапсырды. Бұл жөнініде жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, сапасына мән беру керектігін ескертті.
Қазіргі уақытта жалпы ауданы 3 га болатын спорт кешенінің төбесіне металл құрылымын орнатумен қатар, қалақ жұмыстары қоса жүруде. Оқу-жаттығу базасы барлық талаптарға сай жабдықталатын жаңа кешенде түрлі облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы жағдай жасалған. Екі қабатты ғимаратта волейбол және баскетбол алаңдары, күрес және боксқа арналған зал, бассейн, футболмен айналысуға арналған ашық спорт алаңы болады.

Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, бүгінде заманауи даму жолына түскен шаһар ретінде де танылып келеді. Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері қалада тұрғын үй көптеп салынып, көшіп келушілердің саны жылдан-жылға артып жатыр.

Leave a reply