СОЗАҚ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

0
14

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында жеке инвесторлар тарапынан салынып жатқан 2 пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын бақылауға алды. Әрбір үйді жеке-жеке аралап, құрылыс сапасын тексерді. Оның сәулеті мен суыққа төзімділігіне айрықша назар аударды. Құрылысқа жауапты мамандарға нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.

Қазіргі таңда 2 пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысы толығымен аяқталды. Қалған үш тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жақын арада тәмамдалып, жыл соңына дейін пайдалануға берілуі жоспарлануда. Тұрғын үйлердің сыртқы фасадтары травертинмен безендіріліп, аулалары темір қоршаулармен қоршалған. Су және жылу жүйелері толық жүргізіліп, қабырғалары түсқағаздармен безендірілуде. Едендері де төселіп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалуда. Әр үйдің жалпы алаңы – 71,1 шаршы метр.

Айта кетейік, бұл жоба әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеруге және тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған.

Сонымен қатар аудан орталығы Шолаққорған ауылдық округінде жолдарды жөндеу жұмыстары жолға қойылған. Өткен жылғы мәлімет бойынша ауылдық округ бойынша 146,7 шақырымды құрайтын, жанама, қуыс көшелерді қоса алғанда барлығы 151 көше бар болса, оның ішінде асфальттанғаны -96,5 шақырымды, тас жолдар-25,3 шақырымды, топырақ жолдар 24,9 шақырымды құрап отыр. Топырақ жолдардың              12 шақырымын Шолаққорған-Жеткеншек аралығындағы жаңадан түсетін үйлердің жолдары құрап отыр. Ағымдағы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Шолаққорған ауылындағы 8 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда З.Темірбекова-1,270 шқ, Қ.Рүстемов-0,350 шқ, А.Мұқанов-0815 шқ, Жамбыл-0,210 шқ, Ш.Қалдаяқов-1,030 шқ, Ү.Тастанов-0,710 шқ, Теріскей-0,300 шқ және Ә.Жынысбаев 0,200 шқ.

Жергілікті бюджет есебінен Жеткеншек елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшесіне тас төселеді жалпы ұзындығы  5,0 шақырым және  Ш.Айманов, Кенесары және Әл-Фараби көшелері жалпы ұзындығы 3,345 шақырым, Шолаққорған ауылының С.Сиязбеков, А.Асқанбеков, атауы жоқ №1, атауы жоқ №2 және І.Кенесбаев жалпы ұзындығы 2,315 шақырым көшелері асфальтталады.

Сондай ақ биыл аудандық бюджет есебінен Шолаққорған ауылындағы Ж.Жабаев, Т.Насыров, Ш.Бекжанұлы, Ә.Молдағұлова, Е.Ембергенов, А.Асқанбеков, О.Анарбеков, Ы.Алтынсарин, Қ.Сәтбаев, Б.Момышұлы, Нұрлы жол, Ордабасы және Абай елді мекеніндегі 2-көше, барлығы                   14 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Қосымша Шолаққорған ауылындағы Д.Қонаев, Ә.Оспанов, Қ.Әубәкіров, С.Еспенбетов, Руханият, З.Темірбекова, С.Тоқпанбетов, А.Мырзалиев, Төле би, Т.Тоқбергенов, Әйтеке би, Ә.Зейілбекұлы барлығы   12 көшені жарықтандыруға қаржы бөлініп отыр.

«Инкай» БК» ЖШС демеушілігіне Т.Әубәкіров, Ә.Жангелдин көшелерін жарықтандыру,  Қарабұлақ, Жеткіншек елді мекендеріне және Шолаққорған ауылының Ж.Ерімбетов көшесіне балалар ойын алаңын салуды және Ш.Оқшиев көшесіне аяқ жол салу жұмыстарын ұсынудамыз.

«КАТКО» БК ЖШС демеушілігімен өткен жылы Шолаққорған ауылындағы Қ.Рүстемов, А.Иманов, Әйтеке би  көшелері жарықтандырылып, С.Әбуов, Жібек жолы -2, А.Спатаев көшелеріне балалар ойын алаңдары салынды. Ағымдағы жылы Шолаққорған ауылындағы көшелерді жарықтандыру және балалар ойын алаңын салу жұмыстарын ұсынып отырмыз.

Шолаққорған ауылында жарықтандырылған 56 көшелер бар. Оның ішінде 15 көше  «ТорланСтрой» ЖШС-на мемлекеттік жекеше әріптестік бойынша берілген. Қалған 41 көше жарықтандырулары  Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының балансында. Ағымдағы жылы жарықтандырылатын көшелерді қосқанда барлығы 53 көше жарықтандырулары ауылдық округі әкімі аппаратының балансында болады.

Бүгінгі таңда ауылдық округі әкімі аппаратының қарауындағы көше жарықтандыруларын    күтіп ұстау, жөндеу, уақытылы қосып өшіру жұмыстарын жүргізуде қиындықтар туындауда. Себебі көше жарықтандыруларын жөндейтін мамандар, техникалар, құрал-жабдықтар ауылдық округі әкімінің аппаратында қарастырылмаған. Алдағы уақытта автовышка алу жоспарлануда.

 

Ал ауылды ауыз сумен қамту мәселесі ауданда күнтәртібінен тсүкен емес. Балдысу және Қарабұлақ елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізілуде 2024 жылдың аяғына дейін аталған елді мекендер халқы ауыз сумен қамту жоспарланған. Абай елді мекені тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында А.Иманов жалпы орта мектебіне 25 метр  және елді мекендегі  водозабор ішіне тереңдігі 140 метр болатын ұңғы құдықтар қазылды. «Ақмола» мазараты қасындағы бұлақтан құбырмен ауыз су желісіне су жеткізілді. Ағымдағы жылы 11,2 шақырымды құрайтын «Біресек» каналының            5,2 шақырымына  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Көгалдандыруға келсек. Шолаққорған ауылы  5 секторға бөлініп, жауапты  36 мекемеге,         78 көше бекітілген.Бекітілген мекемелермен ағымдағы жылдың 25 ақпанынан бастап бірнеше сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың көшелерге қоқыстар тастау, үйлерінің сыртындағы құрылыс қоқыстарын алмау,  қоқысқа арнап қазылған шұңқырларды жаппау, ауылдың шетіне қоқыстарын шығару жағдайлары жалғасып, ауыл ішін таза қалпында ұстап тұруға кедергілер жасауда. Жұмыстардың нәтижелілігін арттыру үшін  тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді.  Секторларда атқарылған жұмыстар нәтижесінде ауыл көшелері қоқыстардан тазартылып, жүргізілген түсіндірме жұмыстары  тұрғындардың тазалықты  сақтауына,  жиналған қоқыстарын шығаруына ықпал етуде.

Көктем айларында ұйымдастырылған сенбіліктер барысында ауыл маңындағы «Біресек» каналынан  темір жол көпіріне дейінгі аралық, темір жолдың төменгі жағы полигон маңы, «Достар» стадионының шығыс бөлігінен мұнай айдау станциясына дейінгі аралық, Ә. Жангелдин және А.Спатаев көшелерінің қиылысындағы шоғырланған қоқыстар жинақталып, мал өлекселері арнайы орындарға тасымалданды.

Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы «Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,  тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» №140 шешімі қабылданған.

Бүгінгі таңда тұрғындар «Созақ сәулет» МКК мен жеке келісім шартқа тұру арқылы жинақталған қоқыстарын шығара алады. Бұл жөнінде  тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Алайда, кейбір тұрғындар қоқыстарын шығаруға салғырттық танытып, ауыл ішіне белгіленбеген орындарға тастап кетуде.  Аталған жағдайлар көбіне түнгі мезгілде орын алатындықтан  құқық бұзушылықты дер кезінде анықтап, әкімшілік шаралар көру мүмкіндігі болмауда.

Дегенмен тұрғындарға ауыл тазалығын  сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары  жүргізілуде. Алдағы уақытта ақпараттық хат басшылыққа алынып, тазалықты сақтау бойынша жұмыстар нақты жұмыстар жоспарланып, орындалатын болады.

Шолаққорған ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған полигон «Созақ сәулет» МКК балансында.   Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны толуға жақындаған. Жыл сайын арнайы техникалар көмегімен, айналасындағы қоқыстарды сырып, жинақтау жұмыстары ұйымдастырылады.  Аталған жұмыстар ағымдағы жылы да ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Шолаққорған ауылындағы аурухана жанындағы шұңқырға тасталған қоқыстар демеушілер есебінен жіберілген арнайы техника көмегімен тегістеу жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жылы толықтай тегістеліп бітеді.

Бүгінгі таңда Шолаққорған ауылынан құрылыс қалдықтарын тастау орнына 1 гектар, қатты тұрмыстық қалдықтар тастау орнынан 9 гектар барлығы 10 гектар жер учаскелері бөлінді.  Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жаңа полигон құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалар жасалатын болады.

 

Leave a reply