Thursday, November 21

СОЗАҚ: ҚЫЗЫЛКӨЛ КӨЛІНІҢ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
129

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аудан аумағында қарқынды жалғасуда. Бүгін «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Қызылкөл көлінің аумағында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысып, көлдің айналасы, емдік қара балшығы бар аумағы және көлге апарар жолдың бойы тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстардан тазартылды.

Осылайша барша мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп, тазалықты жүйелі түрде жүргізуде.

Сенбілікке қала және ауылдық округі әкімдіктері, бюджеттік мекемелер қызметкерлері және ауыл тұрғындары атсалысты. Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, талдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ арық-атыздар тазаланды. Жалпы 18 техника жұмылдырылып, 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Акцияға 500-ден астам адам белсене қатысты.

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру ниетімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны бастау алды. Оның аясында байтағымыздың әр қиырында өзіміз өмір сүретін қоршаған ортаны тазартуға бағытталған кешенді жұмыстар қолға алынды, қалаларымыз бен ауыл-аймақтарда санитарлық тазалық жұмыстары күшейтілді, табиғатты жүйелі қамқорлыққа алу іс-шаралары бекітілді, жасыл желек қорын ұлғайту басымдыққа ие мәселеге айналды.

Leave a reply