Понедельник, 9 июня

Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

0
17

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық телерадио хабарларын тарату операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасының басталғанын хабарлайды.

🟢 Бағдарламаның мақсаты – жеке және заңды тұлғаларды отандық спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының қабылдау құрылғыларын сатып алуға ынталандыру.

🔹 Бағдарлама аясында операторлар жабдықтарды орнатуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігіне ие болады.
🔹 Бұл шара азаматтардың телерадио хабарларын қабылдауға кететін шығындарын азайтып, отандық контенттің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
🔹 Субсидиялау мерзімі – 3 жылдан аспайды.
🔹 Жыл сайын 50 мыңнан аспайтын спутниктік қабылдау құрылғысын сату субсидияланады.

🔍 Процестің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында министрлік жанынан тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды.

📄 Субсидиялауды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 қарашадағы №551-НҚ бұйрығымен бекітілген.

Қосымша ақпаратты жергілікті уәкілетті органдардан немесе министрліктің ресми сайтынан алуға болады.

Leave a reply