Thursday, November 21

СЫМ ТАРТҚАН АЛЫСТАРҒА…

0
143
Ел Президенті әрбір Жолдауында кәсіпкерлікке ерекше көңіл бөлу туралы үнемі айтады. Расында, кәсіпкерлік – ел экономикасының өзегі.
Ақсу ауылы, Қарабұлақ тас жолының бойында ор-наласқан аудан көлеміндегі кабельдің электр сымдарын шығаратын белсенді өндіріс орны «КАZ TELL» ЖШС-і 2006 жылы құ-рылған. 2013 жылы «Биз-нестің жол картасы 2020» бағдарламасымен субсидиялау бағыты аясында қолдау тауып, кә-
сіпорынды кеңейту мақсатында кабель өнімде-рінің қуаттылығын арттырып, қосымша желіні іске қосты.
Кәсіпорынның басшысы Ержан Алимбетов – жұмыстың көзін тапқан білікті басшы. Орынбасары Сырым Пановтың айтуынша бұл кәсіпорынның жұмысы бір кездері тоқтап, 2010 жылы қайта іске қосылған. Мұнда 40-50 түрлі алюминйден және мыстан жасалған кабельдер шығарылады. Айына 60 шақырымдық кабель жасайды екен. Жұмыс әрине оңай емес. Техниканың барлығы Қытай мен Ираннан келген. 20 түрлі сым шығаратын және оны ұзартып жіңішкертетін, сымдарды тартып бұрайтын сонымен қатар, сыртын қаптайтын аппараттар бар. Айына 60 шақырымға жуық кабель өндіреді. Өнімдер ТМД елдеріне және Қазақстанның барлық аймағына жеткізіледі.
Аталған өндіріс орнында 2 ауысыммен 40-қа жуық адам жұмыс істейді. Түркия, Қытайдан келген мамандар келіп мұндағы қызметкерлердің техникалық білімін арттырып, қалай жұмыс істеу керегін үйретіп кетеді екен. Өндіріс орнындағы жұмысшылардың айтуынша, мұнда жұмыс аса қиын емес. «Тек қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтау керек, мұнда әрбір іс қызықты», дейді олар. Әр түрлі көлемдегі сымдарды қаптау үшін поливинилхлоридін 160-180 градуста ерітіп, арнайы аппаратпен қаптайды. Сосын, түрлі-түсті түске де бояйды. Бүгінде «КАZ TELL» ЖШС-і жұмысын қарқындатып, өнімдерін көбейтіп келеді.
С. Абылбекова.

Leave a reply