ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯУ
Түркістан қаласындағы тұрғындарды мазалайтын ең өзекті мәселенің бірі болып отырған киелі шаһарды табиғи газға қосу жайы. Бұл ретте алдымен табиғи газды әрбір абонентке жеткізіп беру керек. Одан соң тұрғындар үйіне газ кіргізуге әрекеттенеді. Осы ретте қала әкімі Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылғанын айтады. 1877-сі әлі күнге дейін қосылмаған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38-060 абонент пайдаланып отырса, оның ішінде дербес шот ашылғаны – 31 240 болып отыр. – 3 266 абонент техникалық атқарушы құжаттарын рәсімдеуде. 3554 абонент құжаттар рәсімделуін жалғастыруда.
-Қазіргі таңда қала тұрғындардың 91,1% дербес шот ашып пайдалануда. Табиғи газбен қамтылмаған көпқабатты тұрғын үйлер 57 болса, оның екеуі ағаш үй. Тұрғын үйлерді табиғи газға қосу «ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ның талабы бойынша коксиалды түтін шығатын мұржа орнату қажет. Қаладағы барлық үйлердің жанына дейін «ҚазТрансГазАймақ» газ қондырғыларын жеткізіп бергенімен бірқатар жер үйлердің техникалық құжаттары, енді бірінің мекеме талаптарына сай болмауы, енді бірінің табиғи газды үйіне кіргізіп алуына қаржысы болмауы салдарынан бұл жоба кешеуілдеуде. Көптеген тұрмысы төмен отбасылары мен газды орнатудағы дабылқаққыш құралын жеткізуге кәсіпкерлер мен қала әкімдігі көмек қолын созды,-дейді қала әкімі. Түркістанда газ тарту жұмыстары осылайша көптеп-көмектеп жүргізіліп жатыр. Басты мәселе қаланың экологиялық ахуалы түзелгенін айта кетуіміз керек. Әлеуметтік жағдай түзеле берер. Ал адам ағзасына едәуір залал келтіретін экологиялық жағдайдың шешімін тапқаны Түркістан тұрғындарын қуантады.