ТАЗАЛЫҚ ЖАНАРШЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен қолға алынған жалпы аудандық тазалық шарасы қарқынды жалғасуда. Аталған тазалық шарасына аудан басшысымен бірге мемлекеттік қызметкерлермен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 08:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Сонымен қатар, аудан басшысы жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарының барысын саралау үшін Сарыағаш қаласының аумағын жаяу аралады. Аралау барысында қатты тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау бойынша тұлғалар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес іс-шара жүргізуді Сарыағаш қаласы әкім аппаратының қызметкерлеріне тапсырды.Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен аудандық деңгейде сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке қала және ауылдық округі әкімдіктері, бюджеттік мекемелер қызметкерлері және ауыл тұрғындары ат салысты. Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау,шөп ору, мекеме аулаларындағы ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді.
«Тазалық жанаршылықтан басталады», демекші, жалпы аудандық сенбіліктің мақсаты – аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі.