«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АТТЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА САРЫҒАШТЫҚ ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

0
21

Бүгінгі таңда ауданда тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл бойы аудан бойынша сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы барып, «Таза бейсенбі» атты тазалық акциясына қатысты. Сонымен қатар, акцияға “AMANAT” партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Құдірет Қыстаубаев, аудандық мәслихат депуттары және ауылдық округ тұрғындары, еріктерілер белсене қатысты. Қоршаған ортаны қорғау бағытында жүргізілген жұмыстарға екі арнайы техника,100-ге жуық адам жұмылдырылды.

«Таза бейсенбі» атты тазалық акциясының мақсаты — аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру ниетімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны бастау алды. Оның аясында байтағымыздың әр қиырында өзіміз өмір сүретін қоршаған ортаны тазартуға бағытталған кешенді жұмыстар қолға алынды, қалаларымыз бен ауыл-аймақтарда санитарлық тазалық жұмыстары күшейтілді, табиғатты жүйелі қамқорлыққа алу іс-шаралары бекітілді, жасыл желек қорын ұлғайту басымдыққа ие мәселеге айналды. Мемлекет басшысының өзі ұйытқы болған науқанға «AMANAT» партиясы қолдау білдіріп, партияластарымыз бұл бастаманың жалпыхалықтық сипат алуы бойынша бірнеше бағытта жұмыстар атқаруды қолға алды. Аманаттық өкілдер экологиялық мәдениетті қалыптастыруда 5 негізгі бағытта жұмыс атқаруға кірісті. Оның ішінде, экология саласындағы заң нормаларын шығару қызметін атқару, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын тұрақты өткізу, «ТАЗА QAZAQSTAN» Road-эстафетасының бастау алуы, Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализм көріністерінен қорғау жөніндегі қоғамдық науқанын ұйымдастыру, жасыл волонтерлікті қолдау міндеттері бар.

Leave a reply