Вторник, 17 сентября

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»:ТҮЛКІБАСТЫҚТАР СЕНБІЛІКТЕРГЕ БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

0
61

Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түркістан облысының барлық қала, аудандары тазалық жұмыстарын бастап кеткен.Түлкібас ауданындағы Майлыкент ауылдық округінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алуда. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданы бойынша аталған акцияға барлық ауылдық округ, кенттерде өз жалғасын табуда.

Аталған шараға тұрғындар, мемлкеттік мекемелер мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысты. Акция аясында бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар әктелініп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Акция аясында Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, тазалық жұмыстарына 50-ге жуық аудан тұрғындары мен еріктілер қатысып, 2 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 8 тоннаға тарта күл-қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді. Сенбіліктерде көше бойлары, көпшілік орындар, тұрғындардың жеке жайлары қоқыстардан тазартылып, тал көшеттер суғарылуда.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылдық округі аумағынан өтетін Келес өзені бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар аясында өзен бойындағы бей-берекет тасталған қоқыстар тазаланды. Сенбілікке жалпы аудан жастары мен белсенділерден құралған 60-қа жуық адам атсалысты. Нәтижесінде 30 қап қоқыс жиналды.

Жалпы Сарыағаш ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар қарқынды атқарылуда.

Leave a reply