Вторник, 17 сентября

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 100 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

0
93

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан көлемінде сенбілік жасалды. Ауданда тазалық аптасы ұдайы жүргізіліп келеді. Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар бүгін де сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Қызу тазалық жұмыстарына 12 ауыл округтегі барлық мекемеден 164-ке жуық қызметкер бір кісідей атсалысты. Әр ұжым өздеріне бөлінген аумақтарға, көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Түркістан-Қызылорда» бағыты бойынша жол бойындағы қураған ағаштар, арам шөптер шабылып, нәтижесінде 100 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Оған 6 техника жұмылдырылды.
Сенбілікте елді мекендерде жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары қолға алынды. Ескірген қоршауларды қайта сырлау жұмыстары да жүргізілді. Аудан көлемінде сенбілік жұмыстары алдағы күндері де тұрақты жүргізілетін болады.

Leave a reply