«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» КЕЛЕСТЕ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Аудан шырайын шұғылалы ету мақсатында бүгін де ауданды көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Сенбілік барысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев тазалықты ретке келтіру бағытында аудан аумағындағы көшелерді аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарына апта сайын барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде ауданның кіреберіс аймағын, қоғамдық орындар мен сыртқы қоршауларды сырлау, орталық көшелер мен қоғамдық орындардың айналасын күл-қоқыстан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосып жатқан тазалық жанашырларына аудан басшысы ризашылығын білдіріп өз алғысын айтты.
Айта кетейік, аудан бойынша жүргізілген тазалық жұмыстарына 8 техника және 200 ге жуық мекеме қызметкерлері мен тұрғындар қатысып, нәтижесінде 4 тоннадан аса күл-қоқыс шығарылды.
Мемлекет басшысының бастамасымен ауданымыздың Қошқарата ауылдық округінде зиялы қауым өкілдері, ауыл билері, ақсақалдар және ауыл тұрғындарының қатысуымен «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыл ішінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы және әжелер, аналар кеңесінің төрайымдары төбе көрсетіп, елді тазалық іс-шарасына атсалысуға шақырды. Аудан әкімі Жәнібек Есенұлы тазалық науқанын ұйымдастырған ауылдық округке арнайы барып, зиялы қауым өкілдері және ауыл тұрғындары мен кездесті. Сондай-ақ осындай бастама көтерген тазалық жанашырларына өз кезегінде үлкен алғысын білдірді.
Ауылдың зиялы қауым өкілдері, қоғамдық қызметкерлер, еріктілер мен жастар белсене атсалысқан тазалық науқанында, елді мекендердің ішкі көшелері мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, ауыл аумағы күл-қоқыстардан тазартылды.