«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: МАҚТААРАЛДАҒЫ МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ

0
44

Түркістан облысыда тазалық, абаттандыру жұмыстары жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түседі.
Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында «Таза Қазақстан» шаралары өткізіліп келеді. Осы мақсатта Мақта шаруашылығы тарихы музейінің қызметкерлері Мақтаарал ауданының зейнеткері, ұстаз Жанаркүл Шағырбаеваның үйіне барды. Сенбілік ұйымдастырып, ауласын тазалады. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Мақта шаруашылығы тарихының музейі еліміздегі бірегей әрі қызықты музейлердің бірі. Оның географиялық орналасу жері, құрылу тарихы мен біржақты тақырыптық бағыттылығы басқа музейлерден ерекше етіп жасалған. Ең көне музейлердің қатарына жататын музей ғимараты 1930 жылы тұқым шаруашылығы зертханасы ретінде салынған.

Негізгі мақсаты – ардагерлерді құрметтеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету. Жалпы сенбілік шаралары қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға, тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятуға шақырады.

Өңірдегі республикалық жолдардың 80% немесе 555 шақырымы тазартылды. Облыстағы 1 270 аялдаманың 1 004-і ретке келтіріліп, 79%-ға орындалды. Осы салада жауапкершілік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, Полиция департаменті тарапынан жыл басынан бері 6539 шаралар қолданып, жалпы көлемі 80 млн. теңгеден аса айыппұл салынған.

Тазалық жұмыстарын жандандыру үшін ұсыныстар енгізілді. Бүгінде өңірде санитарлық тазалық бағытында 5 925 адам қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 1 665-і КММ жұмысшылары болса, қоғамдық жұмыспен 4 260 адам тартылған. Талдау көрсеткендей, қоғамдық жұмысшылар әр ауылдық округке 5-10 адамнан бөлінген, бұл адам саны сапалы тазарту жұмыстарын жүргізу үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты әр аудандағы жалпы жұмыс күшін жинақтап, құрамы 50-100 адамды құрайтын 2-3 ірі топтарға бөлу ұсынылды. Сәйкесінше, бұл топтарды тиісті техника және жеткілікті құрал жабдықтармен қамту, бөлінген ірі топтардың 1 айлық тазалық кестесін бекіту туралы да ойлар айтылды.

Leave a reply