Четверг, 19 сентября

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫНА ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫНДАР АТСАЛЫСУДА

0
32

Бүгін ауданда “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық акциясына аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей арнайы қатысып, елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына үлес қосуға келген азаматтарға алғыстарын білдірді. Сонымен қатар аудан әкімі қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті екенін айтып, тазалық шараларына аудан тұрғындарын бірлесе атқаруға шақырды.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Яғни олар өздеріне бекітіліп берілген аумақтарда (көшелерде) жол жиектері мен арық-атыздарды қоқыстан тазартып, жабайы өскінділерді шапты. Сондай-ақ ағаштарды ақтап, қабырғаларды сырлады.

Акцияға елді мекендердің тұрғындары да атсалысып, үйлерінің аумақтарын, көшелерін қоқықстардан тазартты.

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аяқталған жоқ, бұл бағытта бекітілген іс-шараға сәйкес жұмыстар өз жалғасын табуда. Облыс аумағында сенбіліктердің нәтижесінде 15 449 шақырым жол, 1093 м2 аяқжол тазаланды. 1270 аялдама ретке келтірілсе, 175 мыңға жуық ағаш әктелді, 346 саябақ және сквер ретке келтірілді. Оған қоса 60 мың шаршы метр немесе 360 шақырым су, өзен бойлары тазаланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстағы аудан орталықтарында қызмет көрсететін 18 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды (КГУ) күшейту мақсатында техникаларды алу бойынша облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға өтінім берілді. Талдау барысында аудан, қалаларға қосымша 380 техника қажет екені анықталды.

Leave a reply