Четверг, 19 сентября

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙДА 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
41

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ауқымды сенбілік өтті.
Тазалық жұмыстарына қала, кент, ауылдық округтердегі елді мекендермен қатар Шардара-Жетісай автожолы бойындағы Қарасақал елді мекенінің тұсындағы 8 шақырым жолды санитарлық тазарту, жұмыстарына 850 тұрғын қатысып, жалпы 5 техника жұмылдырылды.

бұған дейін де аудан көлемінде тазалық жұмыстарын жүйелендіру мақсатында коммуналды сала қызметкерлері мен ауыл билерінің, аудандық полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет жиындар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Одан бөлек аудан аумағындағы көпшілік орындарда тазалық сақтау, санитарлық талаптарды орындауға шақыратын үнпарақшалар ілінген, бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл бірінші кезекте қоғамды қоқыстан тазартуға, тұрғындардың мәдениеттілігі мен тазалық шараларын сақтауға бағыттайын оң шешім саналады.

— Тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және өздері мекен ететін тұрғылықты жерлерінің санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалының мол екенін насихаттайтын сенбілік жұмыстарына қатысушылардың қатары күн санап артып келеді. Мұндай қоғамдық жұмыстарға жастармен бірге ауыл ақсақалдары, билері, белсенді азаматтары барынша атсалысып, үрдіске айналдырып та үлгерген дейді, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов.

Leave a reply