Saturday, November 23

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ОРДАБАСЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ

0
60

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданымызда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында сенбіліктер өткізіліп жатыр. Бүгін, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені «Орталық саябақта» тазалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдерімен бірге ауданның жастары да қатысты. Саябақта тал түптері әктеліп, қураған ағаштар жиналып, қоқыстан тазартылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ордабасыда тазалық шаралары жиі ұйымдастырылуда. Сенбіліктер аясында көшеттер отырғызылып, саябақтар мен көшелер тазаланып жатыр. Сондай-ақ, акциясы аясында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Іс-шараға 80-ге жуық ардагерлер мен жастар қатысты.

Ауламызды, ауданымызды, өлкемізді тазалықта ұстауымыз қажет. Тазалық әр адамның өзінен басалады. Өскелең ұрпақтың таза жерде, дені сау болып өскенін қалаймыз. Сол себепті әрбір тұрғын өз ауласының айналасын үнемі таза ұстағаны жөн. Барша тұрғындарды осы аталған науқан аясында сенбілікке белсенді қатысуға шақырамын»,- деді аудан ардагері О.Есқараев.
Алдағы уақытта сенбілік ауданның басқа ауылдарында да өз жалғасын табатын болады.

Leave a reply