«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САУРАНДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ 400-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

0
61

Бүгін Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 400-ден астам адам қатысқан тазалық шарасы өтті. Сенбілікке ауданға қарасты 12 ауылдық округтегі мемлекеттік мекеме қызметшілері мен ақылы қоғамдық жұмысшылар, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала және коммуналдық мекеме мамандары, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты. Шараға арнайы қатысқан ауданы әкімі Мақсат Таңғатаров Жүйнек ауылдық округінің аумағын аралап көрді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде аудан көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауқымды түрде жүзеге асып келеді. Бүгінгі сенбілікке 10-ға жуық техника және 400-ден аса адам күші жұмылдырылды. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың негізгі міндеті. Туған өлкемізді өзіміз таза ұстап, аялауды қолға алуымыз қажет. Тұрғындар да ауқымды жұмыстарымызға тазалықты сақтау арқылы үлес қосса дейміз. Сенбілік жұмыстары алдағы апталарда да тұрақты өз жалғасын табатын болады», – деді аудан әкімі.

Leave a reply