«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

0
50

Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүруде. Акция аясында бүгін Арыс қаласында сенбілік өтіп, шараға қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты.

Экобелсенділер ағаш түптерін әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден тазалады. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – үйіміз бен туған жерімізді таза ұстау, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету. «Таза Қазақстан» акциясы басталған сәуір айынан бері Түркістан облысы бойынша облыстағы 2500-ден астам білім беру ұйымдарында (1421 балабақша, 1052 мектеп, 50 колледж) экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықты қоршаған ортаны ластамауға үйрету.

Балаларды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейтін 2000-ға жуық ашық сабақ, 650 кездесу, 960 дөңгелек үстел өткізілген. Акция аясында облыста медициналық нысандардың аумағында 10 957 дана түп ағаштары отырғызылып, 61 842 ағаш түптеріне әктеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, облыс аумағында орналасқан туристік нысандар аумақтарына санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әзірленген жол картасына сәйкес, Қ.Ясауи кесенесі, Отырар қалашығы, Үкаш-ата Кесенесі, «Шаға» туристік – рекрациялық орталығы, «Ақмешіт» жерасты үңгірі, «Домалақ ана» кесенесі мен бұлағы, Бибі мәриям кесенесі, Шахан ата кесенесі, Үкаша Ата кесенесі, Гаухар ана кесенесі, Арыс музей ғимараты, Шаммат Ишан музейі, Ерубаев музейі сынды киелі және тарихи орындарда тазалық акциялары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы Волонтерлік ұйымдардың бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясы құрылып, «Бұл сенің өңірің» акциясы негізінде тимбилдинг өтті. Жастар «Taza Alem» ұлттық жобасы бойынша «Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың борышы» тақырыбы аясында жазғы шомылу маусымдағы өзен, көл маңдарын тазалауда.

Облысқа қарасты аудан, қалаларда «Таза Жағажай», «Өз өмірің – өз қолыңда» тақырыбы аясында, шомылу маусымындағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатындағы үнпарақшалар таратылуда. «Эко волонтер» атты ерікті жастар киелі өлкелер мен өзен, тауларда қоқыс іздеу сайысы өтті. Акцияға атсалысып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық 11 этно мәдени бірлестіктер мүшелері әр сенбі күні аумақтық сенбіліктерге белсене қатысып келеді.

Этностар көп орналасқан Сайрам, Сауран, Жетісай, Мақтарал, Келес,Төлеби аудандарында Ассамблея жастары «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында плогинг сайыстары арқылы айналаны тазарту акцияларын дәстүрлі түрде өткізуде. Сайрам ауданында «Қоқыстан құнды заттар жасау идеялары» жүзеге асырылуда.

«Generation» қоғамдық бірлестігі Сайрам ауданындағы білім беру ұйымдарымен бірлескен 36 экологиялық акция өткізді. Аталған акция бойынша 15 тоннаға жуық қайталама шикізат сатып алынып, қайта өңдеуге жіберілді. Бұл ретте, қоқысты арнайы жерге апарудың қажеті жоқ, бұл өз кезегінде оны апаратын жол мен жергілікті аймақтарды таза ұстауға өз септігін тигізуде.

Топырақ суларын қорғау және жердің тозуымен күресу мақсатында Төлеби ауданы, Ленгір қаласында орналасқан мүгедек балалардың мектеп-интернаты үшін экосантуалет құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Leave a reply