Вторник, 17 сентября

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИДЕГІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА 1200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

0
47

Төлеби ауданында аптаның әр жұма күні тазалық шарасына арналады. Осыған орай, бүгін аудан аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны шеңберінде жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасы барысында жолдардың бойы мен арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылды. Жабайы шөптер орылып, ағаш бұталары ретке келтірілді. Бұл экологиялық акцияға ардагерлер ұйымының төрағалары, ауыл билері, спортшылар, белсенді жастар, ұстаздар мен тұрғындар қатысты.

Сонымен қатар ауыл имамдары жамағатпен бірге өз округтеріндегі мазараттардың шөбін орып, қоршауларын ретке келтірді. Аумақты күл-қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ауыл ақсақалдары елді мекен келбетін көріктендіру, тазалығын сақтау – ең бірінші тұрғындардың қолында екенін айтып, экоакцияны белсенді қолдауға шақырды.

Аудан аумағындағы тазалық шарасына тұрғындар белсене атсалысып, нәтижесінде, облыстық маңызы бар 35 шақырым, аудандық маңызы бар 42 шақырым жол бойлары, 65 шақырым ішкі көшелер тазалынды. Тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шараға 1200-ге жуық адам қатысты.

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінде тазалық шаралары жүргізілді. Акцияның аты айтып тұрғандай, оның мақсаты – азаматтарды өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстап, көшет отырғызуға үндеу.

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Таза бейсенбі» тақырыбындағы іс-шара барысында өзен жағалаулары пластик және шыны бөтелкелерден, күл-қоқыстан тазартылды.

«AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуанышбек Қансейітов тазалық шарасына қатысушыларға «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын түсіндіріп, атсалысқан барша азаматтарға алғысын жеткізді. Төлеби ауданы — тұмса табиғаты, саф таза ауасымен танылған қасиетті өлке, сондықтан да ауасын жұтып, суын ішіп отырған өлкеге деген сүйісппеншілігіміз шексіз болу керектігін айтқан Қуанышбек Үсіпәліұлы сол сүйіспеншілікті арттыруға ықпал ететін мәселе – тазалық екенін түсіндірді. Округ тұрғындарына қоршаған ортаның тазалығына аса назар аударуды мақсат еткен экологиялық шараны насихаттап, бүгін мен болашаққа арналған игі істі қолдауға шақырды.

Leave a reply