«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Сарыағаш ауданында белсенді түрде ұйымдастырылып, күнделікті, санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Экологиялық акция аясында Жібек жолы ауылдық округі арқылы өтетін республикалық маңызы бар А-15, А-2 және облыстық маңызы бар жол жиегінде өсіп жатқан шөптерді ору жұмыстары қарқынды жүргізілді. 45000 шаршы метр көлемінде, сонымен қатар жалпы 550 шаршы метр болатын көше бойындағы орындықтар, қоқыс жәшігі және электр бағаналарын сырлау жұмыстары толығымен атқарылды.
Осы орайда, Құркелес ауылдық округі де «Таза Қазақстан акциясына өз үлестерін қосуда. Экоакция аясы барысында ішкі көшелерде сонымен қатар, канал бойларында бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, талдарды ретке келтіру, шөптері орылып, қураған ағаш бұтақтары кесілді. Жалпы акцияға 100-ге жуық адам белсене атсалысты.
Бұл бағытта аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Арман Абдуллаевтиың қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жoмарт Тoқаевтың бастамасымен республикалық деңгейде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экoлoгиялық акциясының бойынша атқарылап іс-шара жоспары мен қала аумағындағы санитарлық тазалық мәселелері жөнінде мәжіліс өтті. Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері, қала депутаттары мен қала билері, аудандық полиция бөлімінің мамандары, мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлімдер, тазалық жұмыстарына жауапты мекеме басшылары және тұрғындар қатысты.
Жиын барысында Сарыағаш қаласының әкімі А. Ешанқұлов қала аукмағындағы тазалық мәселесі бойынша іс-шара жоспарын баяндады. Сонымен қатар, ашық форматта өткен жиында тазалық мәселесі бойынша ұсыныстар ортаға салынып, тазалық жұмыстарын атқарушы жауапты мердігер мекеме өкілдеріне сұрақтар қойылды.