«Таза қала» профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізілуде

0
173

Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.

Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Тракторист көшесі, 19 үйдің алдына құрылыс қалдықтары үйінділерін төгіп тастағанын анықтаған. Абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Айта кетсек, таяуда «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы «Biz Birgemiz» волонтерлық қозғалысының еріктілерімен және Төтенше жағдайдар департаментінің мамандарымен бірлесіп партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясының «Қауіпсіз қала» республикалық мониторингін жалғастырды.
Топ құрамындағы өкілдер бірнеше қоғамдық орныдарды аралап, жағдайды көзбен көрді. Тұрғын үй аулаларын аралап, қауіпсіздік талаптарының ескерілуіне байқылау жүргізді. Шараның мақсаты – қауіптілік тудыратын ашық тұрған люктердің, аулалардың жарықтануын және жаяу жүргіншілердің қозғалысының қауіпсіздігін көздейді.

Leave a reply