Тамшылатып суару диқандар үшін тиімді

0
138
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берген болатын. Осыған орай биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.
Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Қасымбек датқа ауылы жанындағы «Бозінген» шаруа қожалығының базасында тамшылатып суару әдісін пайдалану арқылы ағын суды үнемдеу тәжірибесін қолға алу мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Қайнарбұлақ ауылдық округ аумағындағы суармалы жер пайдаланушы өндірістік коопертивтері мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысқан семинар-кеңесте ауылдық округінің әкімі Е.Дүйсебаев жүргізіп отырды.
Жиынның мақсаты «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қазіргі уақытта мемлекет тарапынан 2,5 пайызбен берілетін несиені алып, жаңадан өз кәсіптерін ашу, ал бұрыннан кәсіпкерлікпен айналысып жүрген шаруа қожалықтарына өз кәсіптерін одан әрі дамыту жөнінде ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндіру болатын.
Басқосуға қатысқан «Ырыс» микрокредиттік қаржы ұйымы Сайрам аудандық филиалының
жауапты қызметкері, аймақтық несие сарапшысы Д. Ендібаев, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан 2,5 пайызбен берілетін несиені алу тәртібін семинарға қатысушы жер пайдаланушы азаматтарға кеңінен түсіндірді.
Мұнан соң, «Бозінген» шаруа қожалығының төрағасы Әбілқасым Мұстапаев, соңғы жыл-дардағы ағын су тапшылығына байланысты өз иелігіндегі суармалы жерін тамшылатып суару әдісін пайдаланып, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруа қожалығы ретінде өзінің тамшылатып суару техникаларымен семинарға қатысушыларды таныстырып, тамшылатып суару технологиясын қалай пайдалану керектігі жөнінде семинарға қатысушы жер пайдаланушылармен іс-тәжі-рибесімен бөлісті.
Семинар барысында Шіркін елді мекенінің тұрғыны, «Рысдаулет» өндірістік кооперативінің төрағасы Т.Сүйеубердиев тамшылатып суару әдісінің пайдасы мен одан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы жөнінде өз ойын ортаға салды. Семинар жұ-мысына қатысушы өндірістік коопертивтері мен шаруа қожалықтары басшыларының тарапынан қойылған сұрақтарға «Ырыс» микрокредиттік қаржы ұйымы Сайрам аудандық филиалының
жауапты қызметкері, аймақтық несие сарапшысы Д.Ендібаев пен ауылдық округ әкімі Е.Дүйсебаев толыққанды жауап берді. Семинар жұмысына аудандық мәслихаттың депутаты С.Сағындықов қатысты. Семинар жұмысын қорытындылаған ауылдық округтің әкімі ауыл тұрғындарын мемлекет тарапынан жеңілдікпен берілетін несиені алу мүмкіндігін пайдаланып, кәсіпкерлікті дамытуға шақырды. Сондай-ақ, қазіргідей ағын су тапшылығы кезінде тамшылатып суару әдісін кеңінен пайдалану қажеттігілігі айтылды.

Leave a reply