Танымал журналист екі жасар қызымен бірге Түркияда көз жұмды

0
144

Танымал журналист, “Зейін Атырау” ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан екі жасар қызымен бірге көз жұмды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.

Анталья қаласындағы ірі жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алды. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі Қазақстан азаматтары екені белгілі болды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев журналситің қазасына қайғырып көңіл білдірді.

“Антальядан суық хабар келіп жатыр… Белгілі журналист, “Зейін Атырау” ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда. Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын”, – делінген хабарламада.

Leave a reply