Thursday, November 21

ТАРИХИ-КИЕЛІ МЕКЕНДЕРДІ ЗАМАНҒА САЙ ЖАҢҒЫРТУ ТУРИЗМДІ ДАМЫТАДЫ

0
123

Түркістан облысындағы Қаратау қойнауы тарихи орындар мен мәдени ошақтарға бай. Қаратаудың баурайындағы Сауран, Созақ аудандарында орналасқан тарихи-мәдени ескеткіштерді қорғау, киелі мекендер мен қорымдарды қамқорлыққа алу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Осы мақсатта Созақ ауданында «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Басқосуды аталған кеңестің төрайымы Қалыйма Жантөреева ашып, жүргізді. Жиынға Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қ.Оразов, «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің басқарушы директоры Т.Бейсен, кеңес мүшелері С.Айкөзов, Ж.Исаева, Г.Дүйсенбаева қатысты. Кеңес отырысында «Қызқорған», «Балақорған» тарихи орындарының қазіргі жай-күйі мен мәселелері, Созақ ауданындағы мәдени ошақтарының ахуалы айтылып, мәдениет пен өнер саласында атқарылған шаралардың есебі тыңдалды.

Отырыс барысында Қ.Жантөреева аумақтағы тарихи орындарды қорғау арқылы тарихымызды түгендейтінімізді айтты.

– «Қызқорған» мен «Балақорған» ескерткіштері маңынан құрылыс үшін тақта тастарды алу жұмыстарын үйлестіру кезек күттірмейтін мәселе. Әйтпесе, бұл тарихи орындар мүлде жойылып кетуі мүмкін. Сол орындарға саяхаттаушы туристерге арнап жол белгілерін орнатып, мобильді қосымшаларды енгізу керек. Бұл әрі өңір туризміне де қосылар үлес болар еді. Сонымен қатар, тарихи жәдігерлер туралы мәліметтер мен қос ауданның зиялы қауым өкілдерінің пікірін топтастырып, жинақ етіп шығаруды да қолға алу қажет, -деді ол.

Leave a reply