Thursday, December 26

ТАУКЕНТ КЕНТІНДЕГІ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

0
17

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентінде болып, «Шолаққорған-су» МКК мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарының жай-күйімен танысты. Мекемеге қарасты жылу жүйесін және ондағы алмастырылған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды тексерді. Жылуға жауапты мамандармен бірге жұмыс барысын талқылап, нақты талаптар қойды.

Сонымен қатар, «Мазут шаруашылығы» отын сақтау қоймасында болды. Ондағы сұйық отын қоры мен оның тасымалдануын бақылауға алды. Таукент және Қыземшек кенттеріне қажетті сұйық отынның жеткізілуі мен қордың сақталуы маңызды екендігін айтып, жауаптыларға тасымалдау жұмыстарын назарда ұстауды тапсырды. Қазіргі уақытта Таукент кентіндегі жылу қазандығында 2275 тонна мазут қоры бар. Тасымалдау жұмыстары әлі де жалғасуда.

Еске сала кетсек, биылғы жылдан бастап, Таукент кентіндегі жылу жүйесі толықтай сұйық отынға ауыстырылды. Осыған дейін жылу трассасы мен жүйенің техникалық тексерісі жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кент ішіндегі ішкі орамдық жылу құбырының 1110 метрлік бөлігінің қайта жаңғыртылуы, қазандықтың жарамсыз қосалқы бөлшектерінің алмастырылуы, сондай-ақ задвижкалар мен сорғылардың жаңартылуы сығымдау жұмыстары арқылы тексерістен өткізілді. Қазіргі таңда кент тұрғындарына жылу температуралық кестемен тұрақты түрде берілуде.

Осы ретте өткен жылы Таукент кентіндегі атқарылған жұмыстар жайында айта кетейік.  Мәселен былтырғы жылы Таукент кенті бойынша жалпы кіріс мөлшері – 111 млн 532 мың теңге болып бекітілді. Оның ішінде: субвенциямен трансферттен –67 196,0 мың теңге, бос қалдық –2892,0 мың теңге, салықтық түсімдер–43636,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер–700,0 мың теңге болып қалыптастып, тиісті мақсаттарға жұмсалып 100  пайыз игерілді. Кент әкімдігі бойынша  бюджетке 12 айға 44336,0 мың теңге кіріс түсіру жоспарланса, түскен кіріс көлемі–63191,5  мың  теңге, яғни жоспар – 142,5 пайызға  артығымен орындалған. Себебі, арнайы режимдегі кәсіпкерлердің жеке табыс салығының және жеке азаматтардың мүліктерін сатып алудан тапқан кірістерінің есебінен артығымен орындалып отыр.

Әлеуметтік салаға тоқталайық. Кенттің халық саны 8173 адам,  оның ішінде ерлер – 3882 адам, әйелдер – 4291 адам, барлық отбасы саны – 1748 , зейнеткерлер – 619, мүгедектер – 154,              14-29 аралығындағы жастар – 2254, оқушылар – 1850, жұмыс істейтіндер – 3625, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 252, жұмыссыздар – 116. Зейнеткерлердің ішінде  Ұлы Отан соғысының ардагері-1, соғыс ардагеріне теңестірілгендер -1, тылда еңбек еткендер- 10, ауған соғысының ардагері- 3, Чернобыль апатына қатысушылар -1, алтын алқа- 64, күміс алқа – 86 адам. Еңбекке қабілетті халық саны 3747 адамды құрайды, олар өндіріс пен қызмет көрсету саласында – 2858, жеке кәсіпкерлер – 243, мемлекеттік және әлеуметтік нысандарда – 639 адам. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша кент әкімдігі бойынша 13 тұрмысы төмен  отбасыларға арнайы демеушілер бекітіліп, қаржылай және заттай көмектер көрсетіліп отыр.

2023 жылы 19 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Атап айтсақ, 5 шартсыз және 14 шартты отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар өткізіп, көмек алған. Барлығы 2023 жылы  қарастырылған қаржы 4 574,034 теңгені құрайды, оның ішінде шартты отбасыларға 3 726,542 теңге болса, шартсыз отбасыларға 749,165 теңгені құрайды.  31 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 азамат жастар практикасына тартылды. Жастар практикасына қамтылған 1 азамат тұрақты жұмысқа тұрған.

Кент әкімдігі бойынша 2023 жылы біршама мәдени іс – шараларға мұрындық болды. Атап айтсақ 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 07.03.2023 жылы кент мәдениет үйінде концерттік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Алтын алқа, Күміс алқа және жалғызбасты аналарға барлығы 85(сексен бес) анаға 600,000(алты жүз мың) теңгенің заттай сыйлығы табыс етілген.

Таукент кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен «Катко» БК ЖШС-і кентіміздегі тұрмысы төмен, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балаға қараушы, көпбалалы алтын алқа иегерлеріне, барлығы 159 (жүз елу тоғыз) отбасыға 1 тоннадан көмір және 5 отбасыға азық түлік көмектері таратылып берілді. 2023 жылы кент тұрғыны Құдиярова Айбала апамыздың тұрғын үйі өртеніп кетіп, оған халықтың демеушілігімен көпқабатты тұрғын үйден 3 бөлмелі пәтер сатып алып берілген.

Ал ауыл шаруашылығына келсек, 2023 жылдың қаңтар айына 1025 МІҚ болса, 2024 жылдың қаңтар айына 1145 басты құрап  – 111 %-ға  артқан. 2023 жылдың қаңтар айына 422  бас жылқы болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 505 басты құрап, орындалғаны 120%. 2023 жылдың  қаңтар айына 9149 бас майда мал болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 8583 басты құрап, орындалғаны  94 %. 2023 жылдың қаңтар айына 22 бас түйе болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 23 басты құрап, орындалғаны 104 %. Үш жақты келісім шарт бойынша егістік жердің игерілуі 0,28 га: оның ішінде, картоп 10 га, көкөніс 10 га, бақша 8 га. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылатын инвестиция  бойынша жоспар 14  млн теңге болатын болса, бұл жоспар 13 млн 200 мың теңгеге 95  пайызға  орындалды.

Жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша «Қожақ» ЖШС –гі  Колесный погрузчик  өз қаржысына сатып алса, жеке кәсіпкер  Мұқымбекова Ханшайым 200 бас қазақтың құйрықты қылшық жүнді асыл тұқымды қойын алған. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «ЖК Мұқымбекова»  шаруа қожалығы  8 бас қошқар алды. Таукент кентінің тұрғыны Сахов Әкім 500 бастық отбасылық құс фермасын ашып,  кент тұрғындарын жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2023 жылдың 21 қыркүйек күні Созақ ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушіліердің «Алтын күз- 2023  жәрмеңкесіне Таукент кенті шаруалары өз өнімдерін апарып жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Таукент кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Мұқымбекова Ханшайым аудан әкімінен «Үздік шаруа»  номинациясы  бойынша марапат алған. 2023 жылға көктем мезгіліндегі Таукент кенті әкімдігі бойынша энзоотиялық ауруларға қарсы атқарылатын жұмыстар: Дизицип ерітіндісі бүркілген ірі қара мал басы- (мүйізді ірі қара, жылқы, түйе) – 1204 бас. Дизицип ерітіндісіне тоғытылған майда мал басы – 10500 бас. Таукент кенті әкімдігі бойынша 2023 жылы  4440 бас уақ малдарға, 450 бас ірі қара, 70 бас жылқы малдарына құтыру, аусыл, қарасан, сібір жарасы ауруларына қарсы дәрі егілді. Қора жайлар мен оған жапсарлас аумақтарды дезинфекциялау 66795 ш/м болса, 100 пайыз  дезинфекциялау жұмыстары жұмыстары жүргізілді. Ал, буферлік аймақ, суатттарды дезинфекциялау  17 105 ш/м болса, ол да 100 пайыз дезинфекцияланды.  2023 жылы жоспар бойынша 125 бас ит-мысықтар  жойылу керек болса , 100 пайызға орындалған. 2023 жылы Беккери шұңқыры салынып, пайдалануға берілген.

Коммуналдық шаруашылық салаға келсек. Таукент кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен «Бірге Таза Қазақстан» жыл сайынғы экологиялық акциясы және «Әр отбасы бір ағаш» ағаш отырғызу акциясы өткізілді. 24 рет сенбілік аясында көше бойларын тазалау, берекетсіз күл қоқыстарды жою, ағаштарды әктеу, аяқжолдарды тазалау, саябақтарды тазалау, автобус аялдамаларын ретке келтіру және спорт алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. 1000 қарағаш, 100 түп шырша, 450 түп роза гүлі, 20 түп акация, 60 түп тұт ағашының көшеттері отырғызылды. Кент әкімдігінің ұйымдастырылуымен өткен сенбілікке  Казатомпром мекемелері, мектептер мен бала-бақшалар атсалысты.

«Катко» ЖШС-нің демеушілігімен  №49 көпқабатты тұрғын үйден І.Кеңесбаев мекебіне дейінгі аралығындағы және Мәдениет үиінен бастап №159 көпқабатты тұрғын үйге дейін  аяқжол салу жұмыстары жүргізілген. «Казатомпром – SaUran» ЖШС-і демеушілігімен Таукент кентінен Жыныс ата көшесі аралығына 1,3 шарқырым жолға аяқжол салынды. Аяқжол бойына отырып демалатын орындықтар қойылып, толықтай жарық шамдары орнатылған. №49, 50,131 тұрғын үй тұрғындарының өтініш тілектеріне орай, кент әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы қоқыс тастайтын  орын салынып берілді. Аудандық бюджеттің есебінен Таукент кентінің Қ.Сатбаев көшесі, Е. Ерімбетов көшесі, Мыңжылқы көшесі, Тәуелсіздік көшесі, Бейбітшілік көшесі, Болашақ көшесі, Мәңгілік ел көшесі,  Тұран көшесі, Қаратау және Келіншектау көшелеріне көше жарықшамдары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілген. Аудандық бюджет есебінен Таукент кентінің №1,43,44,45,46,47,48,49,131,50,132,157,158,159 көпқабатты тұрғын үй аулаларына жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Жыныс ата көшесіне көше жарықшамдары орнатылып ел игілігіне пайдалануға берілген.    Таукент кентінің жолдарына қажетті жол белгілерін орнату жұмыстарын ұйымдастырылды. «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» мекемесінің демеушілігі тарапынан С.Әліұлы орта мектебі жанына 2 аялдама, Көкжиек көшесі бойынша  1 аялдама орнатылып , онда автобус тоқтауға болатындығы туралы арнайы белгілер қойылды.

 

Таукентте кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. Жалпы кент әкімдігі бойынша 235 шағын кәсіпкерлік субьекті жұмыс жасап халыққа қызмет көрсетуде. «Жастарға арналған 2,5 пайыздық несие»  аясында 2 азамат 5 млн теңгеге дейін грант алып, мал шаруашылығын дамытып, жұмыстарын жүргізуде.

2023 жылы қол өнер үйірмесі  ашылып жұмыс жасауда. Үйірме оқытушысы тігін, бисер, проза саласы бойынша 107 балаға үйрету жұмыстарын жүргізуде. «Easy english» ағылшын тілін оқыту орталығы ашылып, онда 70 бала білім алады, «Sham» ақыл ой дамыту орталығында  10 балаға дәріс беріледі, онда 2 азамат жұмыспен қамтылған. Орыс, ағылшын тілі және бастауыш сынып оқыту әдістемесін оқыту бойынша «Әлем» оқу дамыту орталығы ашылып,онда 30 бала дәріс алады, 4 азамат жұмыспен қамтылған. Кент халқына қызмет көрсету мақсатында «Астау» кафесі ашылып, онда 5 азамат жұмыспен қамтылған. 2 наубайхана ашылып, онда 2 азамат жұмыспен қамтылды. Тұрмысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік дүкен ашылды.

 

Сонымен қатар, 2023 жылы облыстық мәслихат депутаты М.Тұрысбековтың бастамасымен жаңадан мешіт құрылыс басталып,  2024 жылы пайдалануға берілді. Қорыта келгенде: Таукент кенті әкімдігінде  өткен жылғы атқарылған жұмыстардың реті осындай. Алдағы уақытта халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, әлеуметтік – экономикалық бағдарламаны іске асыру барысында нәтижелі жұмыстар жүргізіле бермек.

 

 

Leave a reply