Wednesday, December 4

ТАУКЕНТ КЕНТІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
9

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданның дамуындағы жетістіктер мен алдағы жоспарларды баяндады. Сондай-ақ Таукент кентінде биылғы жылы тұрғындардың талап-тілектері негізінде тиісті жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

Биыл кенттегі «Шолаққорған-су» КММ мекемесінің орталықтандырылған жылу қазандықтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі толықтай сұйық отынға ауыстырылды.

Кент тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды. Жыныс ата, Көкжиек, Тойшыұлы, Кіші коттедж, Мыңжылқы, Келіншектау, Байтерек және Кеңесбаев көшелері орташа жөндеуден өтуде. Бұған қоса, Тоқмағанбетов, Ш. Бекжанов, С. Тайшыұлы, І. Кеңесбаев және Жыныс ата көшелеріне көше жарықшамдарымен қамтылды.

Демеушілердің қолдауымен Жыныс ата елді мекенінде балаларға арналған ойын алаңы салынып, жастарға қолайлы жағдай жасалуда. Кездесу барысында тұрғындар ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, алдағы жоспарларды талқылады. Өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, сұрақтарын жолдады. Жиын соңында аудан басшысы бірқатар тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштерін мұқият тыңдады. Көтерілген мәселелердің шешу жолдары талқыланып, тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Осы ретте өткен жылы Таукент кентіндегі атқарылған жұмыстар жайында айта кетейік.  Мәселен былтырғы жылы Таукент кенті бойынша жалпы кіріс мөлшері – 111 млн 532 мың теңге болып бекітілді. Оның ішінде: субвенциямен трансферттен –67 196,0 мың теңге, бос қалдық –2892,0 мың теңге, салықтық түсімдер–43636,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер–700,0 мың теңге болып қалыптастып, тиісті мақсаттарға жұмсалып 100  пайыз игерілді. Кент әкімдігі бойынша  бюджетке 12 айға 44336,0 мың теңге кіріс түсіру жоспарланса, түскен кіріс көлемі–63191,5  мың  теңге, яғни жоспар – 142,5 пайызға  артығымен орындалған. Себебі, арнайы режимдегі кәсіпкерлердің жеке табыс салығының және жеке азаматтардың мүліктерін сатып алудан тапқан кірістерінің есебінен артығымен орындалып отыр.

Әлеуметтік салаға тоқталайық. Кенттің халық саны 8173 адам,  оның ішінде ерлер – 3882 адам, әйелдер – 4291 адам, барлық отбасы саны – 1748 , зейнеткерлер – 619, мүгедектер – 154,              14-29 аралығындағы жастар – 2254, оқушылар – 1850, жұмыс істейтіндер – 3625, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 252, жұмыссыздар – 116. Зейнеткерлердің ішінде  Ұлы Отан соғысының ардагері-1, соғыс ардагеріне теңестірілгендер -1, тылда еңбек еткендер- 10, ауған соғысының ардагері- 3, Чернобыль апатына қатысушылар -1, алтын алқа- 64, күміс алқа – 86 адам. Еңбекке қабілетті халық саны 3747 адамды құрайды, олар өндіріс пен қызмет көрсету саласында – 2858, жеке кәсіпкерлер – 243, мемлекеттік және әлеуметтік нысандарда – 639 адам. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша кент әкімдігі бойынша 13 тұрмысы төмен  отбасыларға арнайы демеушілер бекітіліп, қаржылай және заттай көмектер көрсетіліп отыр.

2023 жылы 19 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Атап айтсақ, 5 шартсыз және 14 шартты отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар өткізіп, көмек алған. Барлығы 2023 жылы  қарастырылған қаржы 4 574,034 теңгені құрайды, оның ішінде шартты отбасыларға 3 726,542 теңге болса, шартсыз отбасыларға 749,165 теңгені құрайды.  31 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 азамат жастар практикасына тартылды. Жастар практикасына қамтылған 1 азамат тұрақты жұмысқа тұрған.

Кент әкімдігі бойынша 2023 жылы біршама мәдени іс – шараларға мұрындық болды. Атап айтсақ 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 07.03.2023 жылы кент мәдениет үйінде концерттік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Алтын алқа, Күміс алқа және жалғызбасты аналарға барлығы 85(сексен бес) анаға 600,000(алты жүз мың) теңгенің заттай сыйлығы табыс етілген.

Таукент кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен «Катко» БК ЖШС-і кентіміздегі тұрмысы төмен, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балаға қараушы, көпбалалы алтын алқа иегерлеріне, барлығы 159 (жүз елу тоғыз) отбасыға 1 тоннадан көмір және 5 отбасыға азық түлік көмектері таратылып берілді. 2023 жылы кент тұрғыны Құдиярова Айбала апамыздың тұрғын үйі өртеніп кетіп, оған халықтың демеушілігімен көпқабатты тұрғын үйден 3 бөлмелі пәтер сатып алып берілген.

Ал ауыл шаруашылығына келсек, 2023 жылдың қаңтар айына 1025 МІҚ болса, 2024 жылдың қаңтар айына 1145 басты құрап  – 111 %-ға  артқан.

2023 жылдың қаңтар айына 422  бас жылқы болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 505 басты құрап, орындалғаны 120%. 2023 жылдың  қаңтар айына 9149 бас майда мал болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 8583 басты құрап, орындалғаны  94 %. 2023 жылдың қаңтар айына 22 бас түйе болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 23 басты құрап, орындалғаны 104 %. Үш жақты келісім шарт бойынша егістік жердің игерілуі 0,28 га: оның ішінде, картоп 10 га, көкөніс 10 га, бақша 8 га. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылатын инвестиция  бойынша жоспар 14  млн теңге болатын болса, бұл жоспар 13 млн 200 мың теңгеге 95  пайызға  орындалды.

Жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша «Қожақ» ЖШС –гі  Колесный погрузчик  өз қаржысына сатып алса, жеке кәсіпкер  Мұқымбекова Ханшайым 200 бас қазақтың құйрықты қылшық жүнді асыл тұқымды қойын алған. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «ЖК Мұқымбекова»  шаруа қожалығы  8 бас қошқар алды. Таукент кентінің тұрғыны Сахов Әкім 500 бастық отбасылық құс фермасын ашып,  кент тұрғындарын жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2023 жылдың 21 қыркүйек күні Созақ ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушіліердің «Алтын күз- 2023  жәрмеңкесіне Таукент кенті шаруалары өз өнімдерін апарып жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Таукент кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Мұқымбекова Ханшайым аудан әкімінен «Үздік шаруа»  номинациясы  бойынша марапат алған. 2023 жылға көктем мезгіліндегі Таукент кенті әкімдігі бойынша энзоотиялық ауруларға қарсы атқарылатын жұмыстар: Дизицип ерітіндісі бүркілген ірі қара мал басы- (мүйізді ірі қара, жылқы, түйе) – 1204 бас. Дизицип ерітіндісіне тоғытылған майда мал басы – 10500 бас. Таукент кенті әкімдігі бойынша 2023 жылы  4440 бас уақ малдарға, 450 бас ірі қара, 70 бас жылқы малдарына құтыру, аусыл, қарасан, сібір жарасы ауруларына қарсы дәрі егілді. Қора жайлар мен оған жапсарлас аумақтарды дезинфекциялау 66795 ш/м болса, 100 пайыз  дезинфекциялау жұмыстары жұмыстары жүргізілді. Ал, буферлік аймақ, суатттарды дезинфекциялау  17 105 ш/м болса, ол да 100 пайыз дезинфекцияланды.  2023 жылы жоспар бойынша 125 бас ит-мысықтар  жойылу керек болса , 100 пайызға орындалған. 2023 жылы Беккери шұңқыры салынып, пайдалануға берілген.

 

Коммуналдық шаруашылық салаға келсек. Таукент кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен «Бірге Таза Қазақстан» жыл сайынғы экологиялық акциясы және «Әр отбасы бір ағаш» ағаш отырғызу акциясы өткізілді. 24 рет сенбілік аясында көше бойларын тазалау, берекетсіз күл қоқыстарды жою, ағаштарды әктеу, аяқжолдарды тазалау, саябақтарды тазалау, автобус аялдамаларын ретке келтіру және спорт алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. 1000 қарағаш, 100 түп шырша, 450 түп роза гүлі, 20 түп акация, 60 түп тұт ағашының көшеттері отырғызылды. Кент әкімдігінің ұйымдастырылуымен өткен сенбілікке  Казатомпром мекемелері, мектептер мен бала-бақшалар атсалысты.

«Катко» ЖШС-нің демеушілігімен  №49 көпқабатты тұрғын үйден І.Кеңесбаев мекебіне дейінгі аралығындағы және Мәдениет үиінен бастап №159 көпқабатты тұрғын үйге дейін  аяқжол салу жұмыстары жүргізілген. «Казатомпром – SaUran» ЖШС-і демеушілігімен Таукент кентінен Жыныс ата көшесі аралығына 1,3 шарқырым жолға аяқжол салынды. Аяқжол бойына отырып демалатын орындықтар қойылып, толықтай жарық шамдары орнатылған. №49, 50,131 тұрғын үй тұрғындарының өтініш тілектеріне орай, кент әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы қоқыс тастайтын  орын салынып берілді. Аудандық бюджеттің есебінен Таукент кентінің Қ.Сатбаев көшесі,                            Е. Ерімбетов көшесі, Мыңжылқы көшесі, Тәуелсіздік көшесі, Бейбітшілік көшесі, Болашақ көшесі, Мәңгілік ел көшесі,  Тұран көшесі, Қаратау және Келіншектау көшелеріне көше жарықшамдары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілген. Аудандық бюджет есебінен Таукент кентінің №1,43,44,45,46,47,48,49,131,50,132,157,158,159 көпқабатты тұрғын үй аулаларына жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Жыныс ата көшесіне көше жарықшамдары орнатылып ел игілігіне пайдалануға берілген.    Таукент кентінің жолдарына қажетті жол белгілерін орнату жұмыстарын ұйымдастырылды. «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» мекемесінің демеушілігі тарапынан С.Әліұлы орта мектебі жанына 2 аялдама, Көкжиек көшесі бойынша  1 аялдама орнатылып , онда автобус тоқтауға болатындығы туралы арнайы белгілер қойылды.

Таукентте кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. Жалпы кент әкімдігі бойынша 235 шағын кәсіпкерлік субьекті жұмыс жасап халыққа қызмет көрсетуде. «Жастарға арналған 2,5 пайыздық несие»  аясында 2 азамат 5 млн теңгеге дейін грант алып, мал шаруашылығын дамытып, жұмыстарын жүргізуде.

2023 жылы қол өнер үйірмесі  ашылып жұмыс жасауда. Үйірме оқытушысы тігін, бисер, проза саласы бойынша 107 балаға үйрету жұмыстарын жүргізуде. «Easy english» ағылшын тілін оқыту орталығы ашылып, онда 70 бала білім алады, «Sham» ақыл ой дамыту орталығында  10 балаға дәріс беріледі, онда 2 азамат жұмыспен қамтылған. Орыс, ағылшын тілі және бастауыш сынып оқыту әдістемесін оқыту бойынша «Әлем» оқу дамыту орталығы ашылып,онда 30 бала дәріс алады, 4 азамат жұмыспен қамтылған. Кент халқына қызмет көрсету мақсатында «Астау» кафесі ашылып, онда 5 азамат жұмыспен қамтылған. 2 наубайхана ашылып, онда 2 азамат жұмыспен қамтылды. Тұрмысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік дүкен ашылды.

Сонымен қатар, 2023 жылы облыстық мәслихат депутаты М.Тұрысбековтың бастамасымен жаңадан мешіт құрылыс басталып,                       2024 жылы пайдалануға берілетін болады.

Қорыта келгенде: Таукент кенті әкімдігінде  2023 жылы атқарылған жұмыстардың реті осындай. Алдағы уақытта халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, әлеуметтік – экономикалық бағдарламаны іске асыру барысында нәтижелі жұмыстар жүргізіле беретін болады.

Биылғы жылы ауылдық округте

1.І.Кеңесбаев көшесіне ұзындығы 3,7 км жарықтандыру;

2.Жыныс ата көшесіне 2,5 км жарықтандыру-

  1. Қ.Тоқмұхамедов көшесіне 4,2 км жарықтандыру;
  2. Ш.Бекжанов көшесіне 1,5 км жарықтандыру;

5.С.Тойшыұлы көшесіне 1,3 км жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп,  Аудандық тұрғын үй құрылысы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі арқылы төмендегі көшелерге орташа жөндеу бойынша асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ:

Жыныс ата көшесі 3,2 км

Көкжиек көшесі 2,255 км

С.Тойшыұлы , кіші коттедж көшелері -2,334 км

Келіншектау, Мыңжылқы, Бәйтерек және І.Кеңесбаев көшелері -1,954 км

БК «Катко» ЖШС демеушілігімен Ш.Бекжанов көшесі жағынан  футбол алаңы балалар ойын алаңшасымен салынады және Көкжиек көшесінің жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Leave a reply