Теңіз кен орнында жұмысшы өз өзіне қол жұмсады

0
158

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында мердігер компанияда еңбек ететін жұмысшы өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

5 шілдеде Теңіз Шевройл компаниясының мердігері «Сенімді құрылыс» мекемесінің 28 жастағы жұмысшысы түнгі ауысымға жұмысқа шыққан. Құрылыс алаңында өзі қалған кезде, асылып қалған. Оның денесін басқа жұмысшылар тауып, компанияға хабар берген.

– «Сенімді құрылыс» мердігер компаниясы жұмысшысының денесінің табылғаны туралы бізге хабарлады. Тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілді», – деді ТШО баспасөз қызметі.

Атырау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Әзірге ер азаматтың неге өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз.

Leave a reply