ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТУДА
Инвестиция тарту – өңір экономикасының дамытудың бірден бір жолы. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барлық аудан мен қала әкімдеріне аймаққа инвестиция тарту арқылы халықты тұрақты жұмыспен қамтуды тапсырған болатын. Төлеби ауданында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі артып келеді.
Туризмді дамыту мақсатында Қаратөбе ауылдық округі аумағынан кәсіпкер Жұмағұлов Ерболат «Нұрлы сан» демалыс аймағын іске қосуды жоспарлауда. Тартылатын инвестиция көлемі – 1 млрд. 500 млн теңге.
Демалыс аймақ аумағына 45 коттедж, сауықтыру орталығы, футбол алаңы, бассейн және теннис алаңдарының құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. Жоба іске асқан жағдайда 65 адам маусымдық, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Сонымен қатар Балдыберек елді мекенінде 200 адамға арналған спорттық-сауықтыру орталығын іске қосу жоспарлануда. Жеке кәсіпкер Құралбеков Нұрдәулет 6,8 га аумаққа 26 коттедж, бассейн, стадион, теннис кортын, жабық спорт кешені, кіші футбол алаңшасын салуды көздеп отыр. Жоба құны – 800 млн. теңге.
Аудан аумағына инвестиция тартқан кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан қажетті көмектер көрсетіледі.