Сауран ауданының экономикалық әлеуетін дамытудың негізгі бағыты ретінде туристік кластерді құрып және дамыту көзделуде. Ел арасында аудан аумағындағы тарихи орындарға алыс-жақын облыстардан және шет елдерден қызығушылық танытып, келген туристердің саны арта түскен. Нақтырақ айтсақ ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айында 13842 турист келген болса, оның ішінде Сауран қалашығына – 1324, Үкаша ата кесенесіне – 11 357, Жылаған атаға – 210, Жүсіп ата кесенесіне – 921, Имам Мархозыға – 30-ы барған.
Аудан аумағында «Әзірет Сұлтан» қорық – мұражайының меншігінде 52 тарихи-мәдени туристік нысан бар. Өңіріміздегі тарихи-мәдени орындарға инвестиция тарту жұмыстары қарқын алып келеді. Мұражай тарапынан Ескі Сауран қалашығы аумағынан жоба құны 320,0 млн.теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары басталды. (қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ)
Сондай-ақ Үкаша ата кесенесіне келген туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында инвестор тауып, қазіргі уақытта «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» мекемесі арасында өз ара келісім-шарт жұмыстары мен жер бөлу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Кесене аумағында заман талабына сай қонақ үй, автотұрақ, намазхана, тамақтану орындары бой көтеретін болады. Нәтижесінде ішкі туризмнен түсетін кіріс көзін арттыр болып табылады.
Ескі Иқан ауылдық округінде жоба құны 50,0 млн.теңгені құрайтын Жүсіп ата кесенесінде «Сапар» орталығы мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Айта кетерлігі бұл орталық ауданымыздағы жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының демеушілігі есебінен бой көтеруде.
Ауданның жағажай туризмін және емдік туризм, тарихи туризм, діни туризм, экотуризм мен қысқы және жазғы демалыс орындарын дамытуға мүмкіндігі бар. Осы бағыттар бойынша инвестиция құйатын жобалар іздестірілуде.
Алдағы уақытта туризм саласын дамытуға және туризмнен түсетін табыс көзін арттыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.