Вторник, 4 марта

«ТУРИСТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ- БІЗДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ»

0
25
🔰Халыққа қызмет етудің қай кезде де қадірі жоғары. «Бірінші өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, өз пайдаң соның ішінде» деген ұлылар ұлағатын жадында сақтайтын ұрпақ та жоқ емес бүгінде. Олар еліміздің түрлі салаларында қызмет етуде. Солардың бірі Түркістан облысы полиция департаменті Түркістан қалалық Полиция басқармасының туристерге қызмет көрсету қызметінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Ақерке Әлібек.
🕌Түркістан тарихи туристік қала. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен өзге де тарихи-мәдени нысандарға келетін туристер саны жыл сайын артып келеді. Шет елдер мен еліміздің өзге өңірлерінен туристердің Түркістан жеріне келуі шаһар облыс орталығы болғалы бері айтарлықтай өскені белгілі. Шет елдік қонақтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде туристік полицияның атқарар жұмыстары ауқымды.
👮🏻‍♀️Туристік тәртіп сақшысы Ақерке Кенжебайқызының бұл қызметке келгеніне екі жылға жуықтаған. Өзінің жұмысын барынша жауапкершілікпен атқарады. «Біздің басты мақсатымыз- елімізге келген шет елдік туристердің қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін жұмысымды ерекше жігермен атқарамын. Еліміз азаматтары мен шет елдік қонақтарға қолымыздан келгенінше көмектесеміз. Бұл ретте мен әріптестерімнің еңбектерін де атағым келеді. Туристердің жүріп-тұруын және ұрлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында туристік аймақтарда арнайы «SOS» батырмалары мен бейнебақылау камералары орнатылған»,- дейді туристік полицей Ақерке Әлібек. Жас та болса өзінің қызметке деген ынтасының арқасында Алғыс хаттар пен дипломдар алған ару қызметкерлердің шет тілдерін білудің өте маңыздылығын айтады. Ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген Ақерке мемлекеттік тіл мен орыс тілдерін де жетік біледі. Сондай-ақ ол әріптестерінің қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік тілдерін еркін меңгерген мамандар екенін де назардан тыс қалдырмады.
🔹Қызметке деген адал көңілін бұрымды полицей әкеден алған тәрбиесімен байланыстырады. Әкесі Кенжебай Жақсылықов ішкі істер органдарының ардагері, зейнеттегі полиция полковнигі. Ал бір бауыры ішкі істер саласының қызметкері. Көп балалы отбасынан шыққан арудың мақсаты мен тілегі отанға адал қызмет етіп, биік белестерден көрініп, әке үмітін ақтау.

Leave a reply