«Туған жер-тұғырың» атты тарихи кеш өтті

Қазығұрт ауданындағы Жылыбұлақ ауылдық клубының ұйымдастыруымен мәдениет саласындағы қызметті, ішкі туризмді дамытуды қолға алу мақсатында «Туған жер-тұғырың» атты тарихи кеші аясында «Суан баба» кесенесіне саяхат жасалынды. Қазығұрт ауданының 95 жылдығына орай ауылдың тарихын насихаттау, туған жерін, елін құрметтеуге, ата-баба мұрасын құрметтеу мақсатында ауыл балаларына тарихи кешеннің маңыздылығы түсіндірілді.
Одан бөлек, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Сарапхана ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, «Елдің асыл тірегі-Ата Заң» атты тақырыпта танымдық кеші өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Ата Заңның бағасын білу, еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу. Сонымен қатар, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Алтынтөбе 1 ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Елдің асыл тірегі-Ата Заң» атты тақырыптық кеш болып өтті. Мақсаты: Ата Заң жайлы ұғым түсініктерін қалыптастыру. Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту.