ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

0
131
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты Тіл туралы Заңы талаптарының сақталуы бойынша «Сайрам» тұрғын алабында орналасқан кәсіпкерлік нысандар мен қоғамдық тамақтану орындарында әдістемелік сипаттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг топтың негізгі міндеті – мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халыққа сапалы қызмет көрсетілуіне мониторинг жүргізу.
Атқарылған жұмыстар барысында бірқатар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 21- бабында көрсетілген талаптарға сай келмейтін көрнекі ақпарат мәтіндері анықталды. Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, барлық сауда орындарында екі тілде қызмет көрсету, олардың маңдайшалары мен мәзірлерінің «Қазақстан Республикасының тіл туралы», «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкестендіру бойынша толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құрметті қала тұрғындары! Тіл туралы заңның талаптарына сәйкес келмейтін жарнама мен көрнекі ақпаратты көзіңіз шалса, әлеуметтік желілерге орналастырыңыз. Суретпен қоса нысан орналасқан мекенжайды көрсетуді ұмытпаңыз.

Leave a reply