ТІЛ ТҰҒЫРЫ – ҰЛТ ҒҰМЫРЫ

0
120
Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Шанақ ауылдық кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тіл – халықтың өзегі” атты тіл сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: жас оқырмандарға өз ана тілін құрметтеу, тіл мәртебесін көтеру, таза, анық сөйлеуге уйрету. Қазақ тілін құрметтеп, мақал-мәтел, нақыл сөздердің мағынасын білу. Одан б-лек аудандық Үшбұлақ ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай “Тілім менің – тірлігімнің айнасы” тақырыбында интеллектуалды сайыс сағаты өткізілді. Мақсаты: Жастарға ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысу, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеуге бағыттау.Үш кезеңнен құралған интеллектуалды жарыста қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолына тоқталып, білімдерімен сыналды.
Сонымен қатар, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Сынтас ауылдық кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тіл мерейі – ел мерейі” атты тіл сағаты өткізілді.

Мақсаты: Жас ұрпаққа өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Сондай-ақ, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қақпақ ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай “Туған тілім – рухани асыл қазынам” атты тіл сағаты өтікізілді.

Мақсаты: Өскелең ұрпаққа, мемлекеттік тілдің қадір – қасиетін ұғындыру, ана тілін құрметтеуге, суюге баулу, сөздік қорын дамыту. Одан бөлек, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Көкібел ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” атты тақырыптық кеш болып өтті. Мақсаты: Оқырмандарға тіліміз дің мәртебесін көтеру, ана тілін құрметтеуге үйрету. Мемлекеттік тілді басқа ұлттарға үлгі етіп құрметін жоғарылатып тәрбиелеп баулу. Оқушыларға мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеуге үйрету, мақал-мәтел, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын дамыту.
Сонымен қатар, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жаңабазар ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тіл – халықтың мұрасы” атты көрме ақпарат өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеуге үйрету, мақал-мәтел, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын дамыту. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, өз тілін құрметтеуді жастарға ұғындыру мақсатында М. Өтемісұлы ауылдық клубында ҚР халқы тілдері күніне орай «Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл» тақырып аясында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға 9 сынып оқушылары қатысты. Бұдан бөлек, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Алтынтөбе 2 ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай “Тіл рухани қазына” атты тіл сағаты болып өтті. Мақсаты: Оқушылардың еліне, жеріне, ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Тіл туралы білімдерін жетілдіру. Қазығұрт аудандық мәдениет , тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Қақпақ ауылдық мәдениет үйінде Қазакстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілің- арың бұл» атты іс-шара өтті.
Бұдан бөлек, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Тұрбат ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тіл тұғыры ұлт ғұмыры” атты тіл сағатты болып өтті. Мақсаты: Оқырмандарға тіліміздің мәртебесін көтеру, ана тілін құрметтеуге үйрету. Мемлекеттік тілді басқа ұлттарға үлгі етіп, құрметін жоғарылату. Сонымен қатар,  Тесіктөбе ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай “Тіл мәртебесі-ел мәртебесі” атты тақырыптық кеш болып өтті. Мақсаты: оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Қазығұрт аудандық мәдениет , тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Тұрбат ауылдық клубында Қазакстан халқы тілдері күніне орай «Тілге құрмет-елге құрмет» атты іс-шара өтті.
Одан бөлек, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жылыбұлақ ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тіл – мемлекет тірегі” атты тақырыптық сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тіл туралы білімдерін жетілдіру,өз ана тілін,туған жерін аялауға тәрбиелеу. Ана тілін сүюге,құрметтеуге баулу. Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Атбұлақ ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тілім менің тірлігімнің тірегі” атты тіл сағаты болып өтті. Мақсаты: Оқырмандарға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жігерген ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай “Тілім менің – ғасырлардан аманат” атты тақырыптық кеш өтті. Мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, тіл байлығын игеруге, ана тілімізді қадірлеуге ықпал ету, Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі Ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі екендігін айту. Жастардың бойына халқының қадір – қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгертіп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу мақсатында Атбұлақ ауылдық клубында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілім менің-байлығым» атты іс-шара болып өтті. Сонымен қатар, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Алтынтөбе 1 ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тіл-татулық тірегі” атты тақырыптық кеш болып өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз ана тіліне тәрбиелеу. Олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру.
Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.
“…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді” деп Сәкен Сейфуллин баға берген қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай болмақ. Осы мерекеге орай, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен “Ана тілім – асыл қазынам” атты кітап көрмесі жасақталды. Мерекеге қатысушы оқырмандар кітап көрмесімен танысты. Қазығұрт аудандық мәдениет , тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Тесіктөбе ауылдық клубында Қазакстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілім-ардағым» атты іс-шара өтті.
Көкібел ауылдық мәдениет үйінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тіл мәртебесі-ел мәртебесі” атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде мәдениет үйінің директоры Кендір Иса мемлекеттік тілімізге байланысты баяндама жасады. Оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтып жарысты Мақсаты: оқушыларды мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеуге үйрету, мақал-мәтел, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын дамыту, тіліміздің мәртебесін көтеру. Шарапхана ауылдық мәдениет үйінде ҚР-ның тілдер күніне орай “Тіл елдігіміздің асыл тірегі” атты іс-шара өткізіліп, ауылдық мәдениет үйінің директоры Қуатбеков Бақыт баяндама жасады. Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат оқушылары мен тәрбиешілері қатысып, Ошаева Бақтыгүл жастарға ана тіліміздің қадір қасиеті туралы мәңгілік ұлттық тіліміз ретінде сақтап, құрметтеуді айтты. Ауыл кітапханашысы Қасымбекова Нүрзия да жастардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттерін нығайту үшін ана тіліндегі әдеби кітаптарды көп оқып білім алуға шақырды. Жастар ана тіліміз туралы өлең жолдарын оқып,әндер орындады.
Тіл үшін күрес, өмірлік күрес. Адамзат жаратылғалы бері шешендер, ақындар әсіресе айтыскер ақындар асыл сөздің мәйегін түзіп, халқына қызмет етіп келеді. Тілдің де қорғаушысы, жанашырлары болмаса жаһандану дәуірінде жойылып, сол ұлттың аты да, заты да жоқ болып кетіп жатқан жайлар да баршылық. Осыны неге екенін қайдам түсінгісі келмейтін, көңіл бөлмейтін, немқұрайлылық біздерде де баршылық.

Осы бағытта атқарылған, атқарылып жатқан жұмыстар легін академик, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлы талант иесі ретінде, білімдар азамат ретінде көрсетіп, көпшілікке үлгі болып жүр. «Ана тілі» газетінің бетінде және Қазақстандағы барлық қалалар мен облыстық «Қазақ тілі» қоғамы мен жоғары оқу орындары басшылары және қоғам қайраткерлері бас қосқан жиналыста жайып салды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізін салған бастауында барша қазаққа қадірлі, көрнекті тілші, ғалым, қайсар қай-раткер тұлға, академик Әбдуәли Туғанбай-ұлы Қайдардың еңбегін еске алды. «Қазақ қоғамының» өзі тудырған заман сұранысынан, жұртшылыққа қажеттілігінен өмірге келген қоғамды қозғаушы күш ретінде өз мүддесінен биік қойып, туған тілдің туын жоғары көтеруге белсеніп, тіл майданын бастаған Әбекеңнің ішкі жігері мықты, рухы асқақ, алған бетінен қайтпайтын қайсар, ұстанған принципіне адалдығы мен табандылығын алға тартты.

Қара бастың қамынан ұлт мүддесін жоғары қойып, елдік ұйым құрмақ болған бұл тұлғаның қасынан біз де табылдық,- дейді халықаралық «Қазақ тілі қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы. Жалпы еліміз бойынша Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жарғысы, «Тіл» заңы Қазақстанда тұратын барлық азаматтарға орындалуы ортақ заңдылық құдіреті бар құжат. Соны түсінбейтін, түсіне отырып түсінгісі келмейтін мемлекеттік қызметкерлер, әкімшілікте отырған әкімдер арасынан да әртүрлі азаматтарды кездестіріп жүрміз.

Тіл мұраты – халықтық мәселе. Көптің қамқорлық құрметі негізінде кең өріс алуына әрбір азамат үлес қосуы қажет. Осы бағытта біздің жеткізіп отырған қызметтік хатымызға басқармалар, түрлі деңгейдегі әкімдер, кейбір мекеме басшылары жауапсыз қалдырып отыр. Қызметтік хатқа, арыз-шағымға 10 күнде, ары кеткенде бір ай көлемінде жауап берілуі де заңда көрсетілген. Соның нәтижесінде кейбір облыстардағы «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестік басшылары бас қосқан жиындарда мадақталып, газет беттерінде жарияланған еңбектері еленіп, алғысқа ие болып жүр.

Неге екені белгісіз біздің Түркістан облысы соңғы орында. Бұған мен жақында ғана облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің басшысы болып бекітілген соң зер салып, басқалардан қалу себебімізді емес, қалмауды ойлап әрекет етудемін. Бірлестік жұмысы жер-жердегі бастауыш ұйымдарының іс-әрекеттеріне байланысты бағаланады. Қаржы мәселесі де солардың жанашырлық танытып, қолдауына сүйенеді.

Мысал келтірейін, көптеген облыста 700-ден аса бастауыш ұйымдар бар. Ақтөбе облысында нақты 641 бастауыш ұйым құрылып, 130 мың мүшесі бар. Тілді дамыту, мемлекеттік тілді өркендету бағытында жұмыстар жүргізіп отыр. Ал, бізде қалай? Облыс бойынша 20 ғана бастауыш ұйым бар. Бастауыш ұйымдар құрайық. Тіл Заңына сай қызмет атқарайық деген хатымызға неге үлес қоспайды деген ой бізге маза бермейді. Халық тығыз орна-ласқан облысымызда кем дегенде мыңға тарта бастауыш ұйым жұмыс істеуі керек.

Көршілес Қызылорда облысында Қазалы аудандық «Қазақ тілі» қоғамына аудан әкімі УАЗ автокөлігін сыйға тартқан. Тағы басқалар да Ана тілін қолдау, қорғау, қуаттауға басшылыққа көмек көрсетуде. Тілге көмектестіңдер деп ешкім оларды жауапқа тартқан жоқ. Бізде ше? Халықтың жұмысы жүрмей, қолдау күтетіндерге өздерінің ынталарын білдіріп, көмек таны-татын кәсіпкерлерге де осы жазуларымыз жетсе, мырзалықтарын танытса, жеке адам үшін емес халық құндылықтарына қолғабыс жасар деген ойдамыз.

Leave a reply