Воскресенье, 6 октября

ТҮЛКІБАСТА ІШКІ ЖОЛДАРҒА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
102

Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түлкібастықтар көгалдандыру, абаттандыру шараларына белсене кірісті. Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың тапсырмасымен аудан аумағында тазалық жұмыстары жалғасуда.

Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың сәуір мен мамыр айының бірінші онкүндігінде еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өткен болатын. Сол акцияға Түлкібас ауданы да белсене қатысып, аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен ауыл аймақтың тазалығына аудан жанашырлары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсене ат салысты.

Дегенмен, науқан апталықтары өз мәресіне жеткені мен аудан аумағында тазалық, көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары жалғасын табатын болады.
Осы орайда, толассыз жауып жатқан жауын-шашын салдарынан жол бойы мен қоғамдық орындарда ретсіз өсіп кеткен жабайы шөптерді ретке келтіру, арық-атыздарды тазалап, суғару маусымына дайындау, үгіт-насихат құралдарын қалпына келтіру, ағаштарды реттеп түбін әктеу, ретсіз тасталған күл-қоқыстан тазарту сынды жұмыстар үздіксіз атқарылуда.
Жалпы Түлкібас ауданы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 934 шақырымды құрайды.

Оның ішінде 59 шақырымы Республикалық маңызы бар жол; 241 шақырымы облыстық маңызы бар жол; 90 шақырымы аудандық маңызы бар жол; 544 шақырымы елді мекендердің ішкі жолдары.

Бүгінгі таңда аталған жол бойларындағы шұңқырларды бітеп, ретке келтіру, ондағы жол белгілері мен үгіт-насихат құралдарын жаңарту, екі шетін күл-қоқыстан тазарту, ағаштарын реттеп, түбін әктеу сынды жұмыстар аудан әкімдігі және жауапты мекемелер тарапынан іске асуда.

Leave a reply