Thursday, November 21

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

0
27

Өткен жылы ауданда 13 бассейнге 45 мың форель шабағын жіберген кәсіпкер, бүгінгі таңда алғашқы өнімін Шымкент қаласына және аудан тұрғындарына келісін 3 мың мен 3 мың 500 теңгеден өткізіп отыр. Алдағы уақытта қожалық сазан, ақ амур және дөнмаңдай балықтарын да көбейтуді жоспарлауда. Сазан шабақтарының алғашқысын жасанды көлге жіберіп үлгерген.

Аталған бағытта Түлкібас ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Қадірбек арнайы барып, аймақтағы ауылшаруашылығы және туризмды дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жалпы Майтөбе ауылындағы «Мөлдір» шаруа қожалығына табан тіреді. 1999 жылы құрылған қожалықтың 616 га жері бар. Оның ішінде жүзім, алма, шие (черешня), егістігі. 2015 жылы серіктестік 110 га жерге қарқынды алма бауын отырғызған, қазіргі мерзімге өнімін жинауда. Сондай-ақ 2021 жылы Түркия мемлекетінен шиенің (черешня) мол өнім беретін көшеттерін алып келіп отырғызған. Бүгінгі таңда сыйымдылығы 3 мың тоннаны құрайтын жеміс-жидек сақтайтын қойма салу жоспарлауда.

Алдымен Амангелді ауылындағы форель балығын өсірумен айналысатын «Амангелді» шаруа қожалығында болды. Былтыр 13 бассейнге 45 мың форель шабағын жіберген кәсіпкер, бүгінгі таңда алғашқы өнімін Шымкент қаласына және аудан тұрғындарына келісін 3 мың мен 3 мың 500 теңгеден өткізіп отыр. Алдағы уақытта қожалық сазан, ақ амур және дөнмаңдай балықтарын да көбейтуді жоспарлауда. Сазан шабақтарының алғашқысын жасанды көлге жіберіп үлгерген.

Айта кетсек, Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» шипажайында бүгінгі таңда модернизациядан өтіп жатқан елімізге танымал емдеу-сауықтыру шипажайының жобасының жалпы құны 2 млрд.теңгені құрамақ. Ол жер заманауи емдеу-сауықтыру орындарымен қатар 250 төсек орынға шақталған 4 жұлдызды қонақ үй стандартына сай ғимарат бой көтеруде. Сөйтіп, шипажайдың адам қабылдау қабілеттілігі екі есе артып, 500 адамға дейін қабылдауға қауқарлы болмақ. Сонымен қатар жаңартылған шипажай заманауи құрылғылармен толығып, физиотерапия емдерінің түрлері артып, ағзаны саумалмен емдеу тәсілі қосылмақ.

Leave a reply