ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Түлкібас ауданында ауыз су мәселесі шешіліп келеді. Аудандағы 63 елді мекеннің 53-і орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген, бұл жалпы халықтың 91,7%-ын құрайды. Қалған 7 ауылдың тұрғындары піспе құдықтарды пайдаланады, ал тау бөктерінде орналасқан шағын үш елді мекен бұлақ суын ішеді.
Биыл Түлкібас ауданындағы барлық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл мақсатта «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Еңбек, Шұқырбұлақ, Азаттық және Тастыбұлақ ауылдарында су жүйелерін жүргізу жұмыстары басталып, қазан-қараша айларында аяқталуы жоспарлануда. Бұл жобалар іске асқаннан кейін піспе құдықтарды пайдаланатын ауылдардың саны үшке дейін қысқарады. Сонымен қатар, Түлкібас поселкесі мен Майлыкент ауылдарындағы ішкі су жүйелерінің мәселесін шешуге республикалық бюджеттен 1 миллиард 92 миллион теңге қаржы бөлінді.
Аудан әкімдігі мен тиісті мекемелердің мәліметтері бойынша, барлық құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, 2025 жылдың соңына дейін Түлкібас ауданындағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен толық қамтылатын болады. Осы тұста Күмісбастау елді мекенінен Мәдібек Жолшыбаев есімді ардагер келіп, ауыл тұрғындары атынан ауыз су мен ағын су тапшылығы мәселесімен жүгінген болатын. Аудан басшысы жауапты мамандармен және аталған елді мекеннің ардагерлерімен бірге Күмісбастау ауылын ауыз су және ағын су нәрімен қамтып отырған Жабағылы елді мекенің маңындағы тау бөктерінде орналасқан «Талдыбұлақ» бұлағының басына барып, су мөлшерін зерделеп, ауылға жеткілікті мөлшерде су жіберу жағын пысықтады. Нәтижесінде су көзінің басына арнайы су реттегіш құрылғы(шлюз) орнатып, мұрап сайлап, басқа бағыттағы кетіп жатқан су мөлшерін реттеп отыру керектігін ескертіп, бірінші кезекте басымдық халықты сумен қамтуға берілетіндігін жеткізді.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында 807 елді мекеннің 737-сі (7 қала, 730 ауылдық елді мекен) немесе 91,3%-ы ауыз сумен қамтылған. Қалған 70-і әлі де толықтай сумен қамтылмаған. Осы елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, 41 елді мекенге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, 29 елді мекенге (халық саны 200-ден аз, ҚМЖ жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз, шалғайда орналасқан) кешенді блок-модуль (КБМ) орнату қарастырылған. Биыл облыс аумағындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 63 нысанның құрылысына бюджеттен 15,5 млрд теңге бөлінді. Осы жылы 33 нысан жұмысы аяқталады, қалған 30 нысанды 2025 жылы аяқтау көзделген.
Соның нәтижесінде 12 елді мекен (Сарыағаш – 2, Отырар – 1, Төле би – 1, Келес – 4, Созақ – 4) ауыз сумен қамтылады, 12 елді мекеннің (Бәйдібек – 1, Арыс – 1, Сарыағаш – 1, Төле би – 3, Жетісай – 2, Мақтаарал – 2, Түлкібас – 1, Шардара – 1) тозығы жеткен су құбырлары жаңартылатын болады. Қалған 41 елді мекенді 2025 жылы қамту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Өгем өзенінен су тартқыш салу жобасы. Түркістан облысының оңтүстік ауданындағы (Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал) 800 мыңға жуық халықты сумен қамту үшін Өгем өзенінен су тартуға стратегиялық маңызды жобаны іске асыру жұмыстары басталды. Суды тасымалдау – Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандарының учаскелеріне дейін топтық су құбыры арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда ТЭН (2-кезең) жобалау жұмыстары басталды, ол 2025 жылға өтпелі.
Ауыз сумен өткен жылы қосымша 20 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры салынды. 10 ауылдың тозығы жеткен су жүйелері жаңартылды. Соның нәтижесінде ауыз сумен қамту деңгейі 88,8%ға жетті (739 елді мекен, 2 065 мың адам немесе 97,3%). Биыл 34 елді мекен қосылып, жоба толығымен іске асырылады. 768 елді мекеннің ішінде 29-ы жаңадан қосылған. Түркістан облысында 552 мың гектар суармалы жер бар, бұл республикалық көрсеткіштің төрттен бір бөлігі. Осы тұрғыда өңірде су нысандары инфрақұрылымын дамыту бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып табылады. Ауыз сумен өткен жылы қосымша 20 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры салынды. 10 ауылдың тозығы жеткен су жүйелері жаңартылды. Соның нәтижесінде ауыз сумен қамту деңгейі 88,8%ға жетті (739 елді мекен, 2 065 мың адам немесе 97,3%). Биыл 34 елді мекен қосылып, жоба толығымен іске асырылады. 768 елді мекеннің ішінде 29-ы жаңадан қосылған. Түркістан облысында 552 мың гектар суармалы жер бар, бұл республикалық көрсеткіштің төрттен бір бөлігі. Осы тұрғыда өңірде су нысандары инфрақұрылымын дамыту бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып табылады.