Thursday, November 21

ТҮЛКІБАС: БИЫЛ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТІРЕК ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

0
81

Түлкібас ауданында соңғы 2 жылда «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында көп жылдан бері аймақта өзекті болып келген медицина саласындағы түйіткілді мәселелер шешімін тауып келеді.

Мәселең, соңғы жылдары аудан орталығынан шалғай жатқан Келтемешат, Рысқұл, Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендеріне заманауи жаңа медициналық тіректер соғылып ел игілігіне пайдалануға берілді.
Заманауи медициналық тіректе жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және медбике халыққа қызмет көрсететін болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар бұнымен тоқтап қалмай,биыл Абайыл, Тастыбұлақ, Мақталы және Шақпақ-баба елді мекендерінде заманауи медициналық нысандар бой көтеруде.

Соның бірі Абайыл елді мекеніндегі медициналық тіректің құрылыс алаңына ауданымызға арнайы іссапармен келген облыс әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсен Дәулетұлы аудан әкімінің орынбасары Асыл Нұрлыбаймен арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарының барысын бақылады. Мердігермен сұқбаттасып, нысанның сапалы және белгіленген уақытта аяқтап ел игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.

Айта кетерлік, алдағы уақытта елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында аудан аумағындағы медициналық тіректі қажет ететін 11 елді мекенге кезең-кезеңімен жаңа нысандар соғу жұмыстары жалғасын таппақ.

Leave a reply