Түркияның адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Түркістанға келді

0
146

Түркістан қаласына Түркияның адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Шереф Малкоч келді. Уәкіл шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбековпен кездесіп, жаңа қаланы көргендегі әсерімен бөлісті.

Басқосуға Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі – Эльмира Азимова мен Түркияның адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аппараты басшысы – Вейсел Шырын және аппарат сарапшысы ,Эмре Юмус, сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі, профессор Женгиз Томар да қатысты.

«Біз Сіздердің басқа жерге көшкен бауырларыңызбыз. Қазақстанға сапарымызды руханият ордасы – Түркістаннан бастайтынымызға қатты қуандым. Мұндағы қасиетті топырақта түркі жұртының ғұламаларының, ата-бабаларының рухы жатыр. Бізді біріктіретін тарихымыздың көрінісі болған шаһар әрқашан игі істердің бастау алған жері. Қаланың қазіргі хәлі де көздің жауын алады. Кіріп келгенде көненің көзі мен жаңаның жаңғыруының үйлесімін байқадым» деді, өкіл.

Дөңгелек үстел барысы адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі пікір алмасумен жалғасты. Өз кезегінде қала әкімі бауырлас елдің қай салада болмасын игілікті ту ететінін, адам құқықтарын қорғауда әрқашан қолдау көрсететінін тілге тиек етті.

Жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, жаңа бастамалар бойынша жұмыс жасалатыны айтылып, тарқасты.

Leave a reply